Спорт • Бүгін, 14:18

Көркем гимнасшылар Ташкентте күміс алды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің көркем гимнасшылары Ташкентте ұйымдастырылған Әлем кубогінің топтық бәсекесінде екінші орынды иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көркем гимнасшылар Ташкентте күміс алды

Құрамында Жасмин Жүнісбаева, Аида Хакімжанова, Кристина Чепульская, Мәдина Мырзабай, Айзере Кеңес және Айзере Нұрмағамбетова сынды арулары бар біздің команда 51,25 ұпай жиды. Жерлестеріміз Қытайдан (55,90 ұпай) ғана қалып қойды. Үшінші орынды Беларусь (51,10) еншіледі.

 Өскеменде көркем гимнастикадан халықаралық турнир өтті

Соңғы жаңалықтар