Спорт • 30 Қыркүйек, 2025
Қытайдың астанасы Бейжіңде «China Smash 2025» халықаралық турнирі өтіп жатыр. Жарыста еліміздің бірінші ракеткасы Кирилл Герасименко да өнер көрсетті.
Футбол • 29 Қыркүйек, 2025
«Реал» «Қайратқа» қарсы қандай құрамда ойнайды
Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Алматыға Мадридтің әйгілі «Реал» клубы келді. Оларды әуежайдан қарсы алуға құлшынған жанкүйерлердің қатары өте көп болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 27 Қыркүйек, 2025
Джиу-джитсу философиясын меңгерген қазақ маманы
Кезінде джиу-джитсудан өткен талай дүбірлі додада жүлде алып, бұл күндері көптеген аса ірі халықаралық жарыстарда қазылық етіп жүрген Дамир Садыров жайында біз не білеміз?
Спорт • 27 Қыркүйек, 2025
Қазақстанның футболшылары Астанада Лихтенштейнді қабылдайды
Футболдан 2026 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы 10 қазанда Астанада Лихтенштейнге және 13 қазанда Скопьеде Солтүстік Македонияға қарсы ойнайды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 27 Қыркүйек, 2025
Әбиба – әлемдік рейтингте көш басында
IJF-тің жаңартылған рейтингінде еліміздің ең белді дзюдошыларының бірі Әбиба Әбужақынова 48 кг салмақ дәрежесінде жеке-дара көш бастады. Осыған дейін алдына жан салмай келген италиялық Ассунта Скутто үшінші сатыға сырғып түссе, ресейлік Сәбина Гилязова екінші орынға көтерілді.
Хоккей • 26 Қыркүйек, 2025
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген «Барыс» кезекті тур ойынын өз айдынында Қазанның «Ақ Барсына» қарсы өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Қыркүйек, 2025
Котбустағы жарыста қазақстандық гимнасшылар алтын медаль иеленді
Бұл күндері Германияның Котбус қаласында батутты гимнастикадан Әлем кубогінің кезеңдік сайыстары өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Қыркүйек, 2025
Бүгін Қытайдың астанасы Бейжіңде үстел теннисінен «China Smash 2025» халықаралық турнирі басталады. Жарысқа әлемдік рейтингте ТОП-10-ға енетін барлық ойыншылар қатысады. Бақ сынаушылар қатарында елімізден Кирилл Герасименко мен Зәуреш Ақашева бар. Олар іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді. Кирилл ирандық Амирреза Аббасимен, Зәуреш қытайлық Яо Жуйсюаньмен шеберлік байқасады.
Спорт • 25 Қыркүйек, 2025
ХОК-тың стипендиясына иелік еткен спортшылар белгілі болды
2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында алауы тұтанатын жазғы Олимпия ойындарына тыңғылықты дайындалу мақсатында Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) тарапынан Қазақстанның қанша спортшысына стипендия берілетіні белгілі бодды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 25 Қыркүйек, 2025
Елімізге әйгілі сумошы Хакухо Сё келді. Оның азан шақырып қойған аты – Мұңхбатын Даваажаргал. Моңғолдың алыбы осы спорт түрі тарихындағы ең атақты балуан, 69-ёкодзуна. Спорттық мансабында Хакухо 45 чемпиондық тәжге ие болды. Осыдан төрт жыл бұрын, 36 жасында мансабын аяқтағаннан кейін Жапония азаматтығын алып, «Миягино-бэя» сумо мектебінің тізгінін ұстады. Астанада Хакухо Сё еліміздің Ұлттық олимпиадалық комитетінің басшыларымен кездесіп, бірқатар өзекті мәселені талқылады. Бүгінде әлемде сумоның 85 ұлттық федерациясы жұмыс істейді.