Спорт • 04 Наурыз, 2025
Конькиден Нидерландтың Херенвен қаласында ұйымдастырылған Әлем кубогінде Евгений Кошкин 500 метрлік қашықтықты 34,46 секундта жүгіріп өтіп, бас жүлдені олжалады. Екінші, үшінші орынды Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы, канадалық Лорен Дюбрель (34,51) мен жарыс қожайыны, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы Еннинг Де Боо (34,52) еншіледі.
Бокс • 04 Наурыз, 2025
Еліміздің былғары қолғап шеберлері Софияда өткен «Странджа» турнирінде табысты өнер көрсетіп, жалпыкомандалық есепте жеке-дара көш бастады. Әсіресе ерлер құрамасы қуантты. Жігіттер 18 (5 алтын, 9 күміс, 4 қола) жүлде алса, қыздар 15 рет (1 алтын, 6 күміс, 8 қола) жеңіс тұғырына көтерілді.
Спорт • 04 Наурыз, 2025
Ұлттық күрес төрткүл дүниеге танылды
Үндістанның бас шаһары – Нью-Делидегі «Тьягарадж» ұлттық стадионында қазақ күресінен әлем чемпионаты аяқталды. Екі күнге созылған сайыста жер жаһанның 20-дан аса мемлекетінен келген 200-ге жуық балуан бақ сынады. Олар 16 салмақ дәрежесі бойынша медальдар жиынтығын сарапқа салды.
Күрес • 03 Наурыз, 2025
Жәмиля Бақбергенова Тиранадағы турнирде топ жарды
Албанияның астанасы – Тиранада күрес түрлерінен Мұхамет Малоның мемориалы аяқталды. Әлемнің әр қиырынан жиналған белді балуандардың қатысуымен өткен турнирде Қазақстанның ұлттық құрамасы да өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 03 Наурыз, 2025
Өткен аптадағы спортшыларымыздың жетістіктері
Өткен аптада спортшыларымыз айтарлықтай жетістіктерге жетті, солардың бірқатарына тоқтала кетейік.
Спорт • 28 Ақпан, 2025
Үндістанда қазақ күресінен әлем чемпионаты өтті
Үндістанның бас шаһары – Нью-Делидегі «Тьягарадж» ұлттық стадионында қазақ күресінен әлем чемпионаты аяқталды. Екі күнге созылған сайыста жер жаһанның 20-дан аса мемлекетінен келген 200-ге жуық балуан бақ сынады. Олар 16 салмақ дәрежесі бойынша түрлі-түсті медальді сарапқа салды.
Шахмат • 28 Ақпан, 2025
Бибісара Асаубаева Монакода сәтсіз өнер көрсетті
Монакода шахматтан әлемдік Гран-при додасының үшінші кезеңі өз мәресіне жетті. Өкінішке қарай, бұл жарыста еліміздің ең үздік ойыншысы Бибісара Асубаева сәтсіз өнер көрсетті.
Спорт • 28 Ақпан, 2025
Бекзат Алмахан «Суперменмен» айқасады
Былтыр көктемде АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында аса жеңіл салмақтағы Бекзат Алмахан UFC-дегі тұсаукесер кездесуін Умар Нұрмағомедовқа қарсы өткізді. Қарсыласы тым азулы болғанына қарамастан қазақтың қайсар ұлының өнер жақсы әсер қалдырды. Қандасымыз Дағыстанның тумасына лайықты қарсылық көрсетіп қана қоймай, бірінші раундта оны сұлатып салуға шақ қалды.
Футбол • 28 Ақпан, 2025
Көктемнің алғашқы күні футболдан еліміз чемпионатының шымылдығы түріледі. Қоңыр күзге дейін созылатын доп додасына отандық клубтар қандай даярлықпен келді? Шетелде өткізген оқу-жаттығу жиыны барысында жерлестеріміз қай елдің өкілдерімен кездесті, ойындар қалай аяқталды? Осы сауалдарға жауап іздеп көрелік.
Бокс • 27 Ақпан, 2025
«Странджа» турниріндегі бірінші жеңіс
Болгарияда басталған «Странджа» турнирінің алғашқы күні еліміздің төрт боксшысы өнер көрсетуге тиіс еді. Бірақ Өзбекстанның қос жұлдызы – Олимпиада, әлем чемпиондары Абдумалик Халоков (60 кг) пен Асадхуджа Муйдинхуджаев (67 кг) шаршы алаңға шықпады.