Спорт • Бүгін, 08:03

Жарыс күнделігі

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Красноярск қаласында Иван Ярыгин мемориалы аяқталды. Бірінші болып бозкілемге шыққан еліміздің еркін күрес шеберлері тегіс ұтылды. Бұрымдылар бәсекесінде Лаура Әлмағанбетова (52 кг) финалға дейін жетіп, жергілікті спортшы Александра Скиренкоға жол берді. Виктория Хусаинованың (59 кг) да шешуші тұста Ресей өкілі Светлана Липатоваға әлі жетпеді. Барлық қарсыласын сыпыра ұтқан Жәмилә Бақбергенова
(72 кг) алтыннан алқа тақты. Финалда ол моңғолиялық Болртунгалаг Зоригті жеңді.

Жарыс күнделігі
  • Шорт-тректен АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтіп жатқан жасөспірімдердің әлем біріншілігінде еліміздің құрамасы 3000 метрлік эстафетада қола медаль иеленді. Команда құрамында Полина Омельчук, Нұрия Алпысбай, Гүлдана Жалмұхан, Анастасия Галечина сынды спортшылар өнер көрсетті. Бірінші орынды Оңтүстік Корея олжаласа, Қытай екінші сатыға жайғасты.
  • 28 сәуір – 10 мамыр аралығында үстел теннисінен Лондонда өтетін командалық әлем чемпионатының жеребесі тартылды. Еліміздің ерлер құрамасы 11-топқа түсті. Қарсы­ластары – Мысыр, Таиланд, Түркия. Қыздар құрамасы Чехия, Бразилия, Моңғолиямен бірге 5-топта өнер көрсетеді.
  • Бұған дейін біз 6 ақпанда Мәс­кеуде аралас жекпе-жектен АСА лигасындағы Артем Резников (26-10) пен Мұхаммад Сулумов (13-4) арасындағы кездесудің өтпейтіні жайында хабарлағанбыз. Шешенстанның спортшысы сырқаттанып қалғаннан кейін ұйым басшылары жерлесімізге дереу басқа қарсылас тапты. Енді Артем Грозныйдың тағы бір тумасы Юсуп Зубариевпен (15-3-1) айқасады.

 

Соңғы жаңалықтар