Спорт • 17 Қаңтар, 2026
Тау шаңғысынан Италияның Поцца-ди-Фасса қаласында жасөспірімдер арасында өткен халықаралық турнирдің алып слалом сайысында Александра Скороходова алтыннан алқа тақты. Күміс, қола медальдарды канадалық Симона Сент-Пьер мен америкалық Ноэль Рот иеленді. Былтырғы қарашада Скороходова Финляндиядағы жарыста алдына жан салмай, желтоқсанда Италиядағы бәсекеде жүлдегерлер қатарына қосылған еді.
Теннис • 17 Қаңтар, 2026
«Australian Open»: Қарсыластар анықталды
Ертең басталатын ең белді жарыстардың бірі – «Australian Open-2026» турнирінің тұсаукесер кездесулерінде еліміздің теннисшілері кімдермен күш сынасатыны белгілі болды.
Теннис • 16 Қаңтар, 2026
Мықтылар Мельбурн кортында кездеседі
18 қаңтарда Мельбурнде Аустралияның ашық біріншілігі басталады. «Үлкен дулыға» санатына жататын жарысқа әлемнің ең үздік теннисшілерінің түгелге дерлігі қатысады. Солардың қатарында еліміздің де бірнеше ойыншысы бар.
Ауыр атлетика • 16 Қаңтар, 2026
Осы аптаның басында Қызылорда облысы спорт басқармасының бастығы Бақтияр Артаевтың бұйрығымен Алмас Өтешовтің ауыр атлетикадан аталған өңірдің аға жаттықтырушысы болып тағайындалғанын естігенде, кәдімгідей қуанып қалдық.
Спорт • 15 Қаңтар, 2026
21-25 қаңтар аралығында Бейжіңде мәнерлеп сырғанаудан «Төрт құрлық чемпионаты» өтеді. Жарыста еліміздің атынан Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев, Олег Мельников, Софья Самоделкина, Амира Ирматова, Гауһар Наурызова мен Бойсангур Датиев жұбы сынға түседі. Қосалқы құрамда Никита Кривошеев пен Артур Смағұлов бар.
Спорт • 15 Қаңтар, 2026
Түркияның Анталья қаласында өткен Яшар Доғу, Вехби Эмре, Хамит Каплан мемориалын еліміздің грек-рим күресі шеберлері төрт медальмен қорытындылады. Бағдат Сабаз (67 кг) бен Юсуф Ашрапов (72 кг) қарсылас шақ келтірмей, бас жүлдені олжалады. Еркебұлан Ардақов (63 кг) пен Рахат Бержанов (97 кг) қола медальды еншіледі.
Жекпе-жек • 14 Қаңтар, 2026
Ең жеңіл салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақтың аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC-дегі келесі кездесуін 28 ақпанда Мексикада жергілікті спортшы Брэндон Мореноға қарсы өткізеді.
Спорт • 14 Қаңтар, 2026
Футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының 20 қаңтарда өтетін кезекті турында Алматының «Қайраты» «Астана Аренада» Бельгияның «Брюгге» клубын қабылдайды. Сатылымға шыққан билеттер құны: 1-санаттағы орындар – 50 000 теңге, 2-санат – 35 000 теңге, 3-санат – 25 000 теңге, 4-санат – 15 000 теңге.
Әлем • 13 Қаңтар, 2026
«Үлкен жетілік» саммиті кейінге шегерілді
Аралас жекпе-жек өнерінің беделінің артқаны соншалық, Франция биылғы жылдың 14-16 маусым аралығында өтуге тиіс «Үлкен жетілік» саммитін кейінге шегерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Қаңтар, 2026
Шешенстанның бас шаһары – Грозныйда аралас жекпе-жектен АСА турнирі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.