26 жастағы Бразилия спортшысы 19 кездесудің 17-сінде жеңіске жетті. Сол бәсекелерінің тең жартысын мерзімінен бұрын аяқтады.
Бекзат 15 айқастың 12-сінде басымдық танытты. 11 қарсыласын есінен тандырды. UFC-де қандасымыз үш рет октагонға шығып, біреуінде ғана мерейі үстем болды.
Алмахан канадалық Брэд Катонаны 64 секундта айқын ұтты.
Ал дағыстандық Умар Нұрмағомедов пен испаниялық Александр Топурияға оның әлі жетпеді.