Спорт • Бүгін, 00:20

Қамыстыдағы спорт кешеніне балуанның есімі берілсе...

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кезінде спорттың қай түрінен болса да, КСРО-ның спорт шебері нормативін орындау өте қиын еді. Ондай үлкен істі тек жалықпай еңбек етіп, жаттығу залында шелектеп тер төгіп, дүбірлі додаларда аянбай айқасып, барлық қиындыққа төзе білген саңлақтардың ғана қолынан келеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қамыстыдағы спорт кешеніне балуанның есімі берілсе...

Сондай дарыны асқан жастардың бірі Қайрат Әбілов еді. 1971 жылы Қостанай облысының Қамысты ауданында дүниеге келген ол балауса кезінен балуандық өнердің сиқырына арбалып, еркін күреске мықтап ден қойды. Аудан орталығында Увайс Дубаевтың қол астында жаттықты. Зерек баланың бойында бұла күштің бұлқынып жатқанын байқаған бапкері оны арнаулы оқу орнына жіберуді жөн көрді. Сөйтіп, бозбала Қарағанды қаласында қоныс тепкен әйгілі Әлия Молдағұлова атындағы №3 спорт саласындағы Олимпиадалық мектеп-интернаттан бір-ақ шықты.

Талай дарынды спортшыларды тұлек ұшырған қара шаңырақта Қайрат көптің бірі болып қалған жоқ. Ол өз қатарының алды болды. 1985-86 жылдары өзі құрыптас балалардың арасында Алматы мен Арқалықта өткен республика біріншілігінде қарсылас шақ келтірмеді. 1987 жылы Қарағандыда ұйымдастырылған мектеп оқушыларының спартакиадасында күміс медальді мойнына іліп, Бішкектегі бүкілодақтық турнирде топ жарды. 1988 жылы Талдықорғанда Қазақстанның жасөспірімдер ойындарының жеңімпазы атанып, Душанбеде мектеп-интернаттар арасындағы КСРО біріншілігінің бас жүлдесін олжалады.

Ал 1989 жылы Тбилисиде «А» санатындағы турнирде барлық бәскелестерінен басым түсіп, КСРО-ның спорт шеберінің күміс белгісін кеудесіне тақты.

Әуелі 69 кг салмақ дәрежесінде күресіп, уақыт оза 74 кг салмаққа ауысқан Әбіловтің жолына майталман мамандар үлкен үмітпен қарады. Бірақ жалынды жастың дарыны асса да, бағы жанбады. Түрлі жарыстарда алған жарақаттары Қайраттың кеңінен көсілуіне мүмкіндік бермеді. Содан ол нағыз жалындап тұрған шағында бозкілеммен қош айтысты. Алайда кейіпкеріміз  үлкен спорттан алыстаған жоқ. Өзі бизнеспен айналысса да, дарынды жастарға үнемі қамқор қолын созып жүрді. Демеуші болды. Қайрат Құбайұлының қамқорлығын көрген талай жас өрен кейіннен ел спортындағы елеулі тұлғаға айналды. Алайда Әбіловтың өмірі келте болды. Ол небары 36 жасында бақилық болды. Қамыстыда жыл сайын айтулы азаматты еске алуға арналған республикалық турнир үздіксіз өтіп тұрады.

Лаура Алмағанбетова мен Зейнеп Баянова Албаниядағы рейтингтік турнирде топ жарды 

Бұл күндері Қамыстыда жасқы спорт кешені салынып жатыр. Бұйыртса, биыл пайдалануға беріледі деп жоспараланып отыр. Осы өңір тұрғындарының аталған нысанға кезінде Қазақстан мен КСРО құрама командасының мүшесі болған белгілі балуан Қайрат Әбіловтің есімін берсе деген тілегі бар...        

«Странджа кубогі»: Бес боксшымыз ұтып, төртеуі ұтылды

Соңғы жаңалықтар

Ғарыштағы қызанақ

Қоғам • Кеше