Жәдігер • Бүгін, 09:45

Шиті мылтық пен түйе зеңбірек

20 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қызылорда тарихи-өлкетану музейінде көрген адамды қызық­ты­ратын жәдігерлер қатарында түйе зеңбірек пен шиті мылтық тұр. Кезінде Сырда билік жүргізген Қоқан хандығынан қалған зеңбіректер дария жағалауынан табылыпты. Ал 2 ғасырлық тарихы бар шиті мылтық бір әулетті ғана емес, тұтас ауылды аштықтан аман алып қалған қару.

Шиті мылтық пен түйе зеңбірек

Шығыс халықтарында зеңбі­рек XVII–XVIII ғасырлардан бас­тап қолданылып келгені бел­гілі. XVIII ғасырда Бұқарды бағын­дырған Иранның Нәдір ша­хында осы қуатты қару көп бол­ған деген дерек бар. Жаңа қару сол тұста қазақ даласына лап қойған жоңғарларда да аз бол­мағаны белгілі. Ал облыстық музейде тұрған зеңбіректер – Қоқан ханды­ғынан қалған мұралар.

Облыстық тарихи-өл­кетану музейінің ғалым-хат­шысы Ас­хат Сайлау қазақ дала­сында хал­қымыздың жауын­герлік өне­рін жаңа сатыға көтеріп, сол тұс­тағы ірілі-ұсақты ұрыстарда жеңіс­ке жетуге сеп болған қа­ру­ды Кенесары Қасымұлы ХІХ ғасыр­дағы ұлт-азаттық көтерілісінде жиі қолданғанын айтады.

«Қазір қоры­мызда 8 зеңбі­рек бар. Бас­тапқыда біз бұлар­ды орыс қаруы деген байлам жа­сап, сол бағытта ізденіп көр­ген­біз. Кейіннен бұлардың Қоқан зеңбірегі екенін білдік. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының соңында қаруларды музейге өткізген адам­дардың көпшілігі оларды дария жағалауындағы құмнан тапқанын көрсетіпті. Топыраққа қарағанда құмда қалған зат жақсы сақталады. Соның арқасында құнды мұралар бүлінбей, бүгінге жетіп отыр», дейді ғалым.

Ал екі ғасырлық тарихы бар шиті мыл­тықтың иесі осыдан 80 жыл­дай бұрын өмірден өт­кен Бекжан Досыбайұлы екен. Қа­за­лы өңіріне атқан оғы мүлт кетпей­тін аңшы ретінде танымал болған ол кеңес одағы орнаған соң аңшылар қоғамына тіркеліп, аулаған аңдарын сол мекемеге тапсырып отырыпты. Елді аштық жайлаған тұста ауылға да талғажау тауып берген мерген жергілікті атқамінерлердің қысымынан қашып, қарақалпақ жеріне өткен кезі де болған екен. Кейіннен елге оралып, 1947 жылы өмірден өтеді.

Көздегенін құр жібер­мейтін мергеннің серігіне айналған шиті мылтықтың жасалғанына екі ға­сырдан асыпты. Ұлы Сақыбай екімыңыншы жылдар басында мылтықты, бытырасы бар оқ­шан­тайды, құстың томағасын Қаза­лы аудандық музейіне өткізіп, кейін­нен мылтық облыс орталығына жеткен.

Асхат Сайлау сол кезеңде соғыл­ған мылтықтардың ұң­ғысы Орта Азиядан, от бер­гіші Еуро­падан әкелін­генмен, құндағы өзімізде жасалғанын айтады. Бұл қазақ даласында жауынгерлік өнер ұдайы жетілдіріліп отыр­ғанын көр­сетеді.

 

Қызылорда 

Соңғы жаңалықтар

Шиті мылтық пен түйе зеңбірек

Жәдігер • Бүгін, 09:45

Азиядан – 6 алтын медаль!

Бокс • Бүгін, 09:40

Әнші Майра тұрған үй

Мирас • Бүгін, 09:35

151 судья тағайындалды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30

Менің Темағам!

Руханият • Бүгін, 09:05

Баршаға ортақ мүмкіндік

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:55