Фото: primeminister.kz
Бірнеше сағатқа созылған ашық талқылау барысында жобаға қатысты экономикалық, туристік, әлеуметтік және экологиялық мәселелер кеңінен қарастырылып, қоғам өкілдері мен сарапшылар, экологтар мен кәсіпкерлер, спорт саласының мамандары мен қала тұрғындары өз пікірлерін білдірді.
Қоғамдық тыңдау кезінде жобаның экономикалық тиімділігіне де ерекше назар аударылды. Спикерлердің айтуынша, тау кластерін дамыту мыңдаған жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Жоба толық іске асқан жағдайда шамамен 20 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады деп күтіледі.
Тыңдау барысында жастар мәселесі де қозғалды. Қатысушылар халықаралық деңгейдегі туристік жобалардың жүзеге асуы жастарға жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың шетелге кету деңгейін төмендетуге әсер етуі мүмкін екенін атап өтті.
Бұдан бөлек, экологиялық қауіпсіздік мәселелері де кеңінен талқыланды. Жоба өкілдері құрылыс халықаралық экологиялық талаптарды ескере отырып жүргізілетінін және табиғи ландшафтқа түсетін жүктемені азайту бойынша арнайы шаралар қарастырылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ жауаптылар қоғамдық бақылау мен сараптамалық мониторинг жалғасатынын айтты.
Андрей Кукушкин: Алматы тау кластерінің экономикаға қызмет ететін кезі келді
Осылайша бірнеше сағатқа созылған ашық талқылаулар нәтижесінде туристік жоба басым дауыспен қолдау тапты. Алдағы уақытта техникалық құжаттарды әзірлеу, мемлекеттік сараптамалардан өткізу және инфрақұрылымдық дайындық жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілмек.