Спорт • Бүгін, 15:13

«Странджа кубогі»: Бүгін 10 боксшымыз шаршы алаңға шығады

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Болгарияда өтіп жатқан «Странджа кубогінің» бесінші жарыс күні Қазақстанның 10 боксшысы ширек финалдық бәсекеде күш сынасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Странджа кубогі»: Бүгін 10 боксшымыз шаршы алаңға шығады

Астана уақыты бойынша 17:00-де басталатын күндізгі сессияда Даниял Сәбит (50 кг) Улаш Ялчинкаямен (Түркия), Фарух Тоқтасынов (70 кг) Рэнди Ботикалимен (Германия), Бағлан Кенжебек (55 кг) Билгуунсайхан Хархуумен (Моңғолия), Ертуған Зейнуллинов (65 кг) Мәлік Гасановпен (Әзербайжан) және Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (70 кг) Лавант Браунлимен (АҚШ) жұдырықтасады.

«Странджа кубогі»: Бес боксшымыз ұтып, төртеуі ұтылды

21:00-де басталатын кешкі сессияда Сұлтанбек Айбарұлы (85 кг) Ақмалжон Исроиловпен (Өзбекстан), Дәулет Төлемісов (90 кг) Джозеф Авинонгьямен (АҚШ), Нұрлан Сапарбай (+90 кг) Озодбек Әлиевпен (Өзбекстан), Бекзат Таңатар (85 кг) Матвей Ражбамен (Украина) және Нұрмагамед Юсупов (90 кг) Самир Собировпен (Өзбекстан) сайысқа түседі.

 Софиядағы бокс бәсекесі: Қазақстанның 15 былғары қолғап шебері рингке көтерілді

Соңғы жаңалықтар

КазLLM қалай жұмыс істейді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 15:25