фото:ТЖД
Оқиға барысында опырылған жердің тереңдігі шамамен алты метрге жеткен. Құтқарушылар келгенге дейін кәсіпорын қызметкерлері бір адамды өз күштерімен шығарып үлгерген. Кейін тағы екі зардап шегуші үйінді астынан құтқарылды.
Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады. Зардап шеккендерге апаттар медицинасы орталығының мамандары алғашқы көмек көрсетіп, оларды ауруханаға жеткізді.
Дәрігерлердің мәліметінше, 1966 және 2001 жылы туған ер адамдар жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр. Ал 1970 жылы туған тағы бір жұмысшы амбулаторлық ем қабылдауда.
Полиция аталған дерек бойынша еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.