Оқиға • Бүгін, 19:20

Қарағандыда шатырдан кірпіш құлап, 3 жастағы бала зардап шекті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы Ботақара кентінде мәдениет үйінің шатырынан кірпіш құлап, үш жастағы баланың басына түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда шатырдан кірпіш құлап, 3 жастағы бала зардап шекті

Әлеуметтік желілерде өздерін баланың ата-анасымыз деп таныстырған адамдар оқиға туралы айтып, кірпіштің ғимараттың шатырынан құлағанын мәлімдеді.

Қарағанды облыстық полиция департаменті бұл жағдайға қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, Бұқар жырау ауданында болған оқиғадан кейін «қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты

Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, мән-жайы анықталуда.

Зардап шеккен бала дереу медициналық мекемеге жеткізілді. Оған шұғыл ота жасалып жатыр.

Соңғы жаңалықтар