Хабарламаға сәйкес, Иранға бағытталған немесе осы елден шыққан кез келген кеме тоқтатылып, тексеруден өтеді, ал қажет болған жағдайда ұсталып, тәркіленуі мүмкін. Бұл шаралар қауіпсіздік мақсатында қабылданып отырғаны атап өтілді.
Блокада тек Ормұз бұғазымен шектелмей, Иранның бүкіл жағалау сызығын, соның ішінде порттар мен мұнай терминалдарын да қамтиды. Сарапшылардың пікірінше, мұндай қадам әлемдік мұнай тасымалына және энергия нарығына елеулі әсер етуі мүмкін, себебі бұл аймақ арқылы мұнайдың үлкен бөлігі өтеді.
Сонымен қатар, АҚШ тарапы гуманитарлық жүктерге белгілі бір жеңілдіктер қарастырылатынын мәлімдеді. Азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да аса маңызды тауарлар тиісті тексерістен өткен жағдайда жеткізілуіне рұқсат беріледі.
Бұл жағдай аймақтағы геосаяси шиеленісті күшейтіп, халықаралық қауымдастықтың алаңдаушылығын арттыруы мүмкін.