Спорт • 24 Желтоқсан, 2025

«Барыстың» бағы жанар емес

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген «Барыс» тұрақты біріншіліктегі кезекті ойынын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Барыстың» бағы жанар емес

Бұл жолы олар Астанада Челябінің «Тракторын» қабылдады. Бас бапкер Михаил Кравец мұз айдынына мына ойыншыларды шығарды: Шутов (Бояркин) – Маккошен-Уолш, Уиллман-Морелли-Веккьоне; Масси-Данияр, Логвин-Томпсон-Симонов; Бекетаев-Бреус, Қайыржан-Өмірбеков-Савицкий; Гайтамиров, Панюков-Шайхмедденов-Әсетов. 

«Барыс-Аренадағы» бәсеке, өкінішке қарай, 2:0 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. «Трактордың» сапындағы Михаил Горюнов-Рольгизер 8 минутта есеп ашса, Логан Дэй бірінші кезеңнің соңғы секундтарында екінші шайбаны қақпаға енгізді. Жерлестеріміз өздерінің келесі кездесуін 25 желтоқсанда Астанада Екатеринбургтің «Автомобилист» клубына қарсы өткізеді.

Соңғы жаңалықтар

Egov Chatgpt сияқты жұмыс істейді

Технология • Кеше