Президент • Бүгін, 10:57

Қазақстан Халық Кеңесі ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту тетігіне айналады

2 мин
оқу үшін

Президент Қасым Жомарт Тоқаев алдағы жылдардағы ел дамуын айқындайтын конституциялық заңдар топтамасына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Халық Кеңесі ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту тетігіне айналады

Фото: gov.kz

Олардың қатарында жуырда Парламент екінші оқылымда қабылдаған «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заң жобасы да бар. Қазақстан Халық Кеңесін құру бастамасын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылы Қызылордада өткен V Ұлттық құрылтайда ұсынды.

Ашық әрі инклюзивті мемлекеттік басқаруды дамытуға бағытталған жаңа мемлекеттік органға ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу, Құрылтайға заң жобаларын енгізу, жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастама көтеру, сондай-ақ мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы диалогты қамтамасыз ету өкілеттіктері беріледі. Сонымен қатар, оған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін ұйымдастыру және өткізу функциясы жүктеліп отыр.

Парламент «Қазақстан Халық Кеңесі» туралы заңды мақұлдады

Сонымен қатар заң бойынша Қазақстан Халық Кеңесінің нақты ұйымдастырушылық моделі қалыптасады. Негізгі мәселелер бойынша шешім қабылдайтын Сессия оның жоғарғы органы болады. Жекелеген нақты бағыттарды пысықтау үшін тұрақты және уақытша комитеттер, салалық комиссиялар мен жұмыс топтарын құру көзделіп отыр. Ал жұмысты ұйымдастырушылық және талдамалық тұрғыда қолдауды мемлекеттік орган ретінде құрылатын Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығы қамтамасыз етеді.

Қазақстан Халық Кеңесіне өңірлік қоғамдық кеңестермен тығыз байланыста жұмыс істеп, азаматтардың жергілікті деңгейдегі мәселелерін орталық деңгейге жеткізетін және оларды нақты шешімдерге айналдыруға мүмкіндік беретін тиімді кері байланыс тетігі ретінде қызмет атқарады.

Президент, Құрылтай және Халық Кеңесі: Тоқаев жаңа заңдарға қол қойды

Кеңеске18 жастан асқан, қоғамдық тәжірибесі бар, соттылығы мен сыбайлас жемқорлық фактілері жоқ Қазақстан азаматтары мүше бола алады.

Еске сала кетейік, кеше Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысында жоғары палата өкілдері жаңа Конституцияны іске асыруға бағытталған бірқатар заңды мақұлдады.

Соңғы жаңалықтар

LRT атауы өзгереді

Оқиға • Бүгін, 12:29