Спорт • 12 Наурыз, 2025
Спорттық гимнастикадан Бакуде өткен әлем кубогінде еліміздің құрамасы үш жүлде олжалады. Еркін жаттығуда Милад Карими беларусьтік Егор Шармаковтан қалып қойып, күміс медальды иеленсе, брусьяда жапониялық Казуки Мацумиді алға жіберген Дмитрий Потанин дәл сол межеден көрінді. Зейнолла Ыдырысов ат жаттығуында қолаға қол созды. Тағы бір айта кетерлік жайт, қолда тіреп жаттығуында 49 жастағы Өзбекстанның өкілі Оксана Чусовитина алтыннан алқа тақты. Сөйтіп, сегіз Олимпиадаға қатысқан жер-жаһандағы жалғыз гимнасшы тағы бір рекордты жаңартты.
Спорт • 12 Наурыз, 2025
Норвегияның Тронхейм қаласында шаңғы спорты түрлерінен әлем чемпионаты аяқталды. Жер-жаһанның жүйріктері жиналған жарыста 25 жүлде жиынтығы сарапқа салынды.
Жекпе-жек • 12 Наурыз, 2025
Былтыр көктемде АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында аса жеңіл салмақтағы Бекзат Алмахан UFC-дегі тұсаукесер кездесуін Умар Нурмагомедовке қарсы өткізді. Қарсыласы тым азулы болғанына қарамастан, қазақтың қайсар ұлының өнері жақсы әскер қалдырды. Қандасымыз Дағыстанның тумасына лайықты қарсылық көрсетіп қана қоймай, бірінші раундта оны сұлатып салуға шақ қалды.
Спорт • 07 Наурыз, 2025
25-30 наурызда АҚШ-тың Бостон қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Байрақты бәсекеде еліміздің намысын Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина қорғайды. 20 жастағы алматылық Шайдоровтың жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс, Азия ойындарының қола жүлдегері, «Төрт құрлық біріншілігінің» жеңімпазы деген атағы бар. 18 жастағы Мәскеудің тумасы Самоделкина биыл Дүниежүзілік студенттер ойынында қола медаль иеленді.
Бокс • 06 Наурыз, 2025
8 наурызда Сербияда бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді
8 наурызда Сербияның Ниш қаласында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты басталады. Сол жарыста жерлестеріміздің қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды.
Теннис • 06 Наурыз, 2025
Теннисшілер Индиан-Уэллстегі турнирге аттанды
АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтетін халықаралық турнирде Қазақстанның бірнеше теннисшісі өнер көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 06 Наурыз, 2025
Аустрияда дзюдодан Гран-при турнирі өтеді
Ертең Аустрияның Линц қаласында шымылдығы түрілетін Гран-при турнирінде еліміздің 14 дзюдошысы күреседі.
Спорт • 06 Наурыз, 2025
Мәнерлеп сырғанаушылар Бостонда бақ сынайды
25-30 наурызда АҚШ-тың Бостон қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының жалауы желбірейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 06 Наурыз, 2025
Софияда аяқталған «Bulgaria Open» халықаралық турнирін еліміздің таэквондошылар құрамасы 14 медальмен қорытындылады. Бас жүлдені Мақсат Орынбасар (74 кг) олжаласа, Нодира Ахмедова (49 кг), Әзірет Дүйсенбек (54 кг), Бектөре Оралханов (58 кг), Батырхан Төлеуғали (80 кг), Нұрлан Мырзабаев (87 кг) күміспен күптелді. Нұрай Бауыржанова (49 кг), Айдана Сүндетбай (53 кг), Артур Серік (54 кг), Нұрай Қазынабек (57 кг), Кәмила Аймұқашева (62 кг), Аманбол Бегімбетов (63 кг), Дамир Шүленов (68 кг), Мерген Ғаниев (80 кг) қолаға қол жеткізді.
Бокс • 06 Наурыз, 2025
8–16 наурыз аралығында Сербияның Ниш қаласында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Бұл жарыста 70-ке жуық мемлекеттен 350-ге тарта бұрымдылдар бақ сынайды. Қатысушылар 12 салмақ дәрежесінде медальдар жиынтығын сарапқа салады.