Гүлнар ЖОЛЖАН
Гүлнар ЖОЛЖАН«Egemen Qazaqstan»
121 материал табылды

Әлем • 11 Ақпан, 2024

АҚШ: Көші-қон дағдарысы

Қазір АҚШ-тың өзге елдерге көмек беретін шамасы жоқ. Кейінгі бірнеше айда ел шекарасынан өткен заңсыз мигранттар саны күрт өсіп, рекордтық көрсеткішке жеткен. Сарапшылар мұны «көші-қон дағдарысы» деп атап, Джо Байденнің президенттік мансабына қауіп төндіруі мүмкіндігін ескертеді. Өйткені Дональд Трамп Байденді қатаң сынға алып, заңсыз мигранттарға қарсы наразылық оны Ақ үйге қайтарады деп үміттеніп отыр. АҚШ-тың оңтүстік шекарасында не болып жатыр, ел иммиграция мәселесін қалай шешпек?

Әлем • 14 Қаңтар, 2024

Қызыл теңіздегі текетірес

Өткен аптада АҚШ пен Ұлыбритания хусит әскери нысандарына шабуыл жасады. Әлемдік БАҚ Пентагон өкіліне сілтеме жасай отырып, Йемендегі 10-ға жуық хусит нысаны соққыға ұшырағанын хабарлады. Хуситтер деген кім? Қызыл теңіздегі кеме жолы неге жабылды? Бұл әрекет әлемдік саудаға қа­лай әсер етеді?

Әлем • 08 Қаңтар, 2024

Маусымдық жұмыстың машақаты

Қазір Ұлыбританияда саңы­рау­құлақ, орамжапырақ және алма жинау маусымы жү­ріп жатыр. Кейінгі екі жыл­да «Brexit» пен Украина­да­ғы қақтығысқа байланыс­­ты фермерлер әдеттегідей жұ­мыс күшін Қа­зақстан, Қыр­ғызстан, Ин­до­незия, Вьетнам секіл­ді мемлекеттерден тар­та бас­та­ды. Тұманды Аль­бионға кел­­ген­нен кейін өзіміз тұрақ­тан­ған қалада қандай ірі шаруа­шылық бар екен деп құлағы­мызды түріп жүрдік. Ниетіміз – екі қолға бір күрек із­деп келген қазақтар болса, жо­лығып, сөйлесу.

Әлем • 26 Қараша, 2023

АҚШ-ҚХР: Қайта жанданған байланыс

Калифорниядағы саяжайда серуендеп келе жатқан Джо Байден мен Си Цзиньпиннің суреті қытайлық БАҚ-тың бас тақырыбынан әлі түскен жоқ. Бейжің бұл төрт сағаттық екіжақты кездесуді «тарихи» кезең десе, америкалық ең ірі мемлекеттік «People’s Daily» газеті Қытай-Америка қарым-қатынасының «жаңа бастауы» деп атады.

Әлем • 16 Қараша, 2023

Паулина Джонс: Мүмкіндіктерге жол ашқан көпвекторлы саясат

Қазақстанның сыртқы саясатын зерттеп, халықаралық конференцияларда, сол сияқты түрлі жиындарда баяндама жасап жүрген ғалымдардың бірі – саясаттану ғылымдарының профессоры, Мичиган (АҚШ) университетіндегі цифрлық Исламтану бағдарламасының (DISC) директоры Паулина Джонс.

Экономика • 30 Қазан, 2023

Қазақстан-Қытай: Экономикалық байланыс негіздері

Өткен жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толды. Осы қысқа мерзім ішінде екі ел берік мемлекет­аралық байланыстар орнатты. Қазір әлем алпауыт ел Қытайдың басқан ізін аңдып отыр. Сарапшылар түрлі болжам жасап, ғалымдар оның ірілі-ұсақты елдермен, әсіресе айналасындағы мемлекеттермен қарым-қатынасын жіті зерттеп келеді. Қазақстан мен Қытай арасындағы байланысты тіпті АҚШ сарапшылары зерделеп, ғылыми мақалалар да жазып тас­тады. Оның бер жағындағы Ұлы­британияның кішкентай ғана Ланкас­тер қаласында Қытай зерттеу орталығы бар. Бұл орталықта да Қытайдың Орта Азия елдерімен байланысын зерттеу жұ­мыстары қызу жүріп жатыр. Алдың­ғы қатарда Қазақстан тұр. Осы зерттеу­шілердің еңбектерін сараптап отырсақ, көбінің пікірі қазақ-қытай арасында дип­ломатиялық арақатынастың символикасы басым дегенге саяды.

Әлем • 16 Қазан, 2023

Ұлыбританиядағы бейбіт шеру

Елде бейбіт шеру туралы заң әзірленген кезде сарапшылар бірқатар дамыған елдің тәжірибесін алға тартып, үлгі қылған еді. Осылайша, Ұлыбритания, Германия секілді мемлекеттердің бейбіт шеру туралы ережелерінің кейбір тұстарын негізге ала отырып, 2020 жылы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң қабылданды.

Технология • 21 Тамыз, 2023

Жасанды интеллект және қауіпсіздік

«Бүгінде әлем ден қойып жатқан жасанды интеллект негізін барлық салада қолдануға болмайды», дейді ғалымдар. Алайда жасанды зердені әр сала, мамандық тәжірибеден өткізіп жатыр. Бұл тәжірибе игілікке айнала ма, әлде қиындық тудыра ма? Зерттеушілердің бірі оның маңызы зор екенін айтып қызықтырса, енді бірі зиянын мысал етіп, сақтандыруға тырысады. Әсіресе жасанды интеллект өршіп бара жатқан қақтығыстарды ушықтырып жіберуі мүмкін.

Әлем • 03 Мамыр, 2023

Жат жұртта адасқандар

Шекара асқаннан кейін кездейсоқ оқиғаға тап болып, жазатайым жағ­дай­ға ұшыраған ел азаматтарына қатыс­ты кез келген мәлімдемеге мемлекет бейжай қараған емес. Бұл ретте елі­міздің шетелдегі елшіліктері мен дипло­матиялық қызмет өкілдерінің еңбе­гін ерекше атауымыз керек. Саяси келісімдер арқылы жүзеге асатын күрделі мәселеден бөлек, адам тағды­рына қатысты қабылданатын жедел шешімдер азаматтардың өмірі мен бостандығын сақтап, қамтамасыз етуге жол ашады. Сондай оқиғалардың бірер мысалына тоқталсақ.

Құқық • 17 Сәуір, 2023

Адам құқығы – басты құндылық

Елімізде 9 миллионнан аса еңбекке қабілетті адам бар. Мамандардың айтуынша, бұл – Орталық Азияның еңбек нарығындағы үлкен күш. Сондықтан болар, елде жұмыс беруші мен жұмысшы арасында еңбек дауы жиі тіркеледі. «Бұған ең басты себеп – құқықтық сауатсыздық», дейді заңгерлер. Халықтың басым көпшілігі қызметке алынып, екі қолға бір күрек табылуын мақсат тұтады, ал еңбек шартының түпкі байыбына баратындар аз. Сол себепті де еңбек құқығының қандай заңдармен қорғалатынын біліп жүрген жөн.