
Өндіріс • 07 Мамыр, 2025
Алтын да өндіреді, демеушілік те көрсетеді
«Golden Compass Capital» АҚ Тұрар Рысқұлов ауданы аумағындағы алтын өндіру жұмысын 2012 жылы бастады. Жылдар өте келе «Көкқия» секілді бірқатар кен орындарының барлау блоктерінде барлау жұмысын жандандырды. 2019 жылы барлау блоктарын бөлу жөніндегі конкурсқа қатысып, «Талдыбұлақ», «Восточный», «Талдыбұлақ золотой», «Қайыңды» секілді блоктарды барлауға арналған лицензияны иеленді.
Талбесік • 06 Мамыр, 2025
Көз жауын алған қыр қызғалдағы
Көктемнің бір кереметі – қызғалдақ. Қырдағы табиғи байлықты төрткүл дүниеге таныту мақсатында ұйымдастырылған «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестиваліне әрісі Алмания мен Нидерланд, берісі Украина мен Қырғыз Республикасынан әйгілі ғалымдар келді. Қыр гүлінің тарихи отаны саналатын Қаратау бөктерінде өткен іс-шарада ұлттық құндылықтар ұлықталды.
Қоғам • 01 Мамыр, 2025
Қазіргі журналистика уақыт алға озған сайын өзгеріп жатыр. Жасанды интеллект әкелген жаңалықтар да қазақ журналистикасына соны леп әкелетіні рас. Медиадағы сауаттылық, кадр тапшылығы мен ақпараттық қауіпсіздік мәселелері де күн тәртібінен түспей тұрғаны анық. Осы және өзге мәселелер М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Бүгінгі журналистика: сын-қатерлер, трендтер, мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимыл» атты семинардың өзегіне айналды.
Өндіріс • 25 Сәуір, 2025
3 миллион тонна болат шығарады
Тоғыз жолдың торабында орналасқан Шу ауданындағы «Жібек жолы» арнайы экономикалық аймағында ірі металлургиялық зауыттың құрылысы басталды. Жобаны жүзеге асыру міндеті қытайлық «Fujian Hengwang Investment Co Ltd» мекемесіне жүктелген. Шаруа сәтімен орындалса, Шу бойынан жылына 3 млн тонна болат алынбақ.
Жоба • 24 Сәуір, 2025
Дарынды оқушылардың «Ақылды үйі»
Әулиеатада ізденіс ізіне түскен талантты оқушылар аз емес. Жаңашылдыққа жаны құмар білім алушылар ұдайы тыңнан түрен салуға тырысады. Өңірдің бірнеше ауданын қамтыған жер сілкінісі дарынды оқушыларға ой салған секілді. Нақтырақ айтсақ, дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейдің білім алушылары Кәусар Мырзалиева мен Назерке Қырманшиева ерекше үйдің жобасын әзірледі.
Қоғам • 22 Сәуір, 2025
Ұлттық кітап күні мерекесіне орай Тараз қаласында «Кітап – ұлттық құндылық» атты республикалық кітап фестивалі ұйымдастырылды. Өңір басшысы Ербол Қарашөкеевтің «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында өткізілген іс-шараға есімі елге белгілі қаламгерлер мен баспа өкілдері қатысты.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2025
Интернетте отырып-ақ халықтың қалтасын қағуға дәніккен алаяқтарға қарсы күрес шаралары күшейгеніне қарамастан оңай олжаға құныққандар айылын жияр емес. Әйтсе де құзырлы орган қызметкерлері кибералаяқтықпен күресті өз деңгейінде жалғастырып жатыр.
Еңбек • 18 Сәуір, 2025
Карьер басшысына құрмет ерекше
Жылдың қай мезгілінде болсын бел жазбай еңбек ететін «Ақтас» ЖШС қызметкерлері серіктестіктің басынан не түрлі кезең өтсе де, қиындыққа қыңған жоқ. Ұжыммен бірге барлық ауыртпалықты бір кісідей еңсеріп, өндірілетін өнім көлемін арттыруға айтарлықтай күш салды.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2025
Өңірді ілкімді істер ілгерілетеді
Премьер-министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Жамбыл облысында болып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2025
Білім бұлағынан қанып ішіп, ізденіс ізіне түскен жасөспірімдер өңірде аз емес. Білім мен ғылымды қатар алып жүруге тәуекел еткен білім алушылардың ұмтылысы көңіл тоғайтады. Олардың алды айрықша жобаларымен дараланып, халықаралық байқауларда үздіктер қатарынан көрініп үлгерді. Мұхит асып, тәжірибе жинауға бел буып отырғандары да бар.