Жәнібек ӘЛИМАН
Жәнібек ӘЛИМАН«Egemen Qazaqstan»
113 материал табылды

Қоғам • 24 Шілде, 2025

Димаштың Түркі дүниесіндегі даңқы

Кеше Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында IV «Мейкин Азия» халықаралық музыка фестивалінің жабылуы дүркіреп өткені туралы хабар тарады. Дүркірегені сол, Қазақстанның халық әртісі, әлем таныған әнші һәм композитор Димаш Құдайбергенге «Қырғыз Республикасының халық әртісі» құрметті атағы берілді.

Көрме • 23 Шілде, 2025

Бейнелеу өнерінің бірегейлері

Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде «Мерейтой иелері – 2025» көрмесі ашылды. Экс­по­зи­ция бейнелеу өнерінің дамуына елеулі үлес қосып, еліміздің мәдени өмірінде өшпес із қалдырған суретшілердің туындыла­рынан тұрады.

Тарих • 18 Шілде, 2025

Дүкен МӘСІМХАНҰЛЫ: Еуропа архивтерінде ел тарихына қатысты елеулі деректер аз емес

Жақында Еуропа елдеріндегі Қазақстан елшіліктері, Батыстың бірқатар ғылыми мекемелері сайттарынан, әлеуметтік желілерден Ғылым және жоғары білім министрлігі Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының делегациясы алыс шетелден ұлт тарихы мен мәдениетіне қатысты елеулі деректер тауып әкелгені туралы ақпаратты көзіміз шалып қалды. Осынау маңызды іс-сапар нәтижесін білмек үшін Шығыстану институтының бас директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлын әңгімеге тартқан едік.

Аймақтар • 15 Шілде, 2025

Арғымақ, сені сақтадым!..

Қызылжардың кіреберісіне ерекше ескерткіш орнады. Қаланың оңтүстік бекеті жағынан орын тепкен өнер туындысы алты мың жыл бұрын алғаш жылқыны Ұлы даланың осы тұсында қолға үйреткенін әйгілейді.

Әдебиет • 11 Шілде, 2025

«Шөп түгіл хан жабыспас шалғайына...»

«Менің атым Махамбет» деп жалынды жорық жырауының өзі жырласа керек-ті. Шоқтығы биік, биік қана емес, таудай ақынның жалғыз ауыз лепесінің өзі қалай аруақты естіледі. Осылай басталар сөзі небәрі бес-алты жол ғана, алайда жыр болып түскен. Әңгіме үшін айта салған салмақсыз сөз емес қой, ұлан-ғайыр даланы жамауға жеткен жүрек пен рухтың қуатынан ­домалай салған бір тамшының өзі осылай зілді, алапат шығады. Иә, мүмкін бұдан да ұзағырақ бір толғауының үзіліп жеткен жұқанасы, бәлкім ел аузында шашырандысы ғана сақталып қалған, соның өзі біраз жайдан хабар береді.

Таным • 11 Шілде, 2025

Қара түлкі – қармалжық

Бұқар жыраудың «Бағаналы орда – басты орда» толғауында «Қара түлкі қармалжық, Қас сыпайы киген жұрт» деген жолдар бар. Астаналы азат елдің мамыражай тірлігін сипаттаған осы туындыдағы қармалжық немесе қарамалжық сөзіне бұрын мән бермеппіз.

Руханият • 09 Шілде, 2025

Жыраулар есімі бедерленген ескерткіш

Елорданың оң қанатындағы Күйшілер аллеясы барын біреулер білсе, біреулер білмес. Мұндай қызғылықты жерді қасиетті тұғырға айналдыруға күш салып жүрген осындағы «Күй анасы» қоғамдық қоры, жергілікті биліктің қолдауымен, әрине. Бұл Күйшілер аллеясының маңдай алдындағы Дина күйші ескерткішінің қапталында дәл Ұлттық домбыра мерекесі мен Астана күні қазақ жыраулары мен жыршыларының есімі қашалған ескерткіш ашылуының куәсі болдық.

Руханият • 05 Шілде, 2025

Хан Кене өз тұғырында

Азат ел мен айбынды Астананың жөні бөлек. Әуелде азаттық деп, атасы хан Абылайдың жолы деп отарлаушыларға қарсы ұлт азаттық соғыс ашқан Кенесары хан алғаш Ақмола бекінісін алғаны белгілі. Ел еркіндігін аяқасты еткен отрядтардың жолын кесуді Қараөткелде бастап, Атбасар мен Қорғалжын тұсынан шабуылдап, Ақмолада қанға бөктіргенін тарих аңыз етеді.

Елорда • 05 Шілде, 2025

Тұрғындарға тосынсый

Астана күні қарсаңында елордада коммуналдық сала қызметкерлеріне арналған ерекше нысан ашылды. Абай даңғылы мен А.Янушкевич көшесі қиылысынан орын тепкен «Ком­муналдық қызметкерлер ­аллеясы» тұр­ғындардың көзайымына айналды десе де болғандай.

Пікір • 02 Шілде, 2025

Елдік сана ертегіден басталады

«Ертегі уатпай ма баланы да,Сөз сиқыр ғой – жазбай ма жараны да...Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған,Еркімен өзі-ақ отқа барады да...»Атақты Мағжан Жұмабаев осы шумақтарында баланы ақынға, ақынды балаға теңейді.