Қоғам • Бүгін, 08:35

Жүлгесі жаңа жыр кеші

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыдағы Республика сарайында қазақ поэзиясының классиктері – Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев және Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына орай «Биіктік. Кеңдік. Тереңдік» атты поэтикалық-мәдени кеш жоғары деңгейде өтті.

Жүлгесі жаңа жыр кеші

Қалалық әкімдік қол­да­уымен Қазақстан Жазу­шылар одағы ұйым­дастырған шара үш алып ақынның ұлттық әдебиеттегі орны мен рухани биігін бүгінгі көзқарас тұрғысынан зерделеуге арналды. Кештің атауы да ақындар болмысының көркем әрі дәл сипаттамасына айналып, олар­дың поэзиядағы даралық сипатын айқын көрсетті.

Кеш барысында Қадыр Мырза Әлінің ой биігі мен философиялық тереңдігі, ұлттық мінезді, қоғамдық сана мен адам болмысын терең зерделеген поэзиясы кеңінен ашылды. Тұманбай Молдағалиевтің қазақ лирикасындағы сезім кеңдігі, махаббат пен адам жанының нәзік қырларын айрықша сыршыл­дық­пен жырлаған туындылары кө­рерменге ерекше әсер сыйлады. Ал Жұмекен Нәжімеденовтің терең ойлы, адам жан дүниесінің күр­делі әлеміне бойлаған, азаматтық пафосы жоғары, ұлт тағдырына алаң­даған поэзиясы кештің рухани өзегіне айналды. Олардың ең таңдаулы өлеңдері оқылды.

аа

Көр­кемсөз оқу, сахналық поэ­тикалық композициялар, бейне­үзінділер мен музыкалық сүйе­мелдеу кештің мазмұнын байыт­ты. Ақындардың сөзіне жазыл­ған әндер орындалып, поэзия мен музыка үндестігі қоса жарқырады.

Кештің ашылуында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов пен Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов сөз сөйлеп, қазақ әдебиетінің ұлы тұлғаларын ұлықтаудың маңызына тоқталды.

Поэтикалық кеш – тек мерей­тойлық еске алу шарасы ғана емес, қазақ поэзиясының алтын қорын жаңаша зерделеп, ұлт­тық әдебиетке деген құрметті күшейткен мазмұнды рухани басқосу болды. Үш бірдей алып ақынның өшпес мұрасы ел жадында мәңгі сақталатынын, поэзиясы ұрпақпен бірге жасай беретінін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Соңғы жаңалықтар

Екі дос

Қоғам • Бүгін, 20:35

Шаруашылығы шалқыған күн туар

Шаруашылық • Бүгін, 19:53