
Театр • 13 Қыркүйек, 2025
«Астана Опера» XIII театр маусымын М.Әуезовтің либреттосына А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсымен ашты. 6-7 қыркүйекте опера солистері, хор, балет және миманс әртістері, симфониялық оркестр музыканттары театрдың бас дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Алан Бөрібаевтың жетекшілігімен өнер көрсетті.
Тағзым • 09 Қыркүйек, 2025
Күйшілер есімі қашалған белгітас
Астананың ортасында ерекше аллея бар. Абылай хан даңғылы мен күйші Дина көшесінің қиылысындағы Күйшілер аллеясының маңдайын жарқыратып, даңқын асырған Дина Нұрпейісова ескерткішінің алаңында екі үлкен ескерткіш тақтаға қазақ күйші-композиторлары мен жырау-жыршыларының есімі жазылған. Домбыра мен қобыз мүсіні және бар. Бұл жерде рухани шаралар өтіп тұрады. Осы жолы мұндағы халық күйші-композиторларының аты-жөндері қашалған үлкен ескерткіш тақтаға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші-композитор, профессор Орынбай Дүйсен есімі жазылды. Былтыр дүние салған күйшінің қазақ күй өнері мен музыкасына еңбегі сіңгенін көзіқарақты көпшілік білсе керек.
Таным • 06 Қыркүйек, 2025
Қазақ киносының алтын дәуірі дейсіз бе, қазақ өнерінің сөнбес жұлдыздарына балайсыз ба – өзіңіз білесіз. Бір ғажабы, қандай көтерме сөз айтсаңыз, соған жараса беретін секілді. Тіпті таныстырудың өзі ағат емес пе? Төмендегі тұлғаларды айтамын да, фото баяғы әрі бүгінгі сияқты. Нағыз өнерде бұрынғы жоқ, демек.
Әдебиет • 29 Тамыз, 2025
Дәрменсіздік дауылдан да күшті
Өткенде белгілі қаламгер Сауытбек Абдрахманов Абайдың Иван Буниннен аударған бір өлеңі туралы «Egemen Qazaqstan» газетіне зерттеу мақаласын жариялады.
Басылым • 16 Тамыз, 2025
Астанада «Комментатор сөздігі» көпшілікке таныстырылды. Бұл кітап қазақ тіліндегі спорт терминдеріне арналған. Жобаны «Қазақстан» телерадиокорпорациясы қолға алып, жазушы, баспагер Арман Әлменбет тиянақтап отыр.
Қазақстан • 13 Тамыз, 2025
Жапонияда байрағымыз желбіреді
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бастаған делегация «EXPO-2025 Osaka» дүниежүзілік көрмесінде Қазақстанның Ұлттық күні аясындағы іс-шараларға қатысу үшін Жапонияға ресми сапармен барды.
Өнер • 06 Тамыз, 2025
Дүниежүзілік байқауда топ жарды
Жақында ғана Алатаудың арғы бетіндегі айыр қалпақты ағайын арасына барған әлемге танымал Димаш Құдайберген Қырғызстанның халық әртісі атағын алып, мерейі өсіп қайтқаны белгілі.
Тағзым • 30 Шілде, 2025
Өнер көгінен бір жұлдыз ағып түсті...
Өнер мен елге қызмет етудің, ұлт мерейін өсірудің жауапты жолы бар. Сол жол кенеттен үзілсе, халық қайғырады, үлкен сахна тұлғасын жоқтайды.
Өнер • 29 Шілде, 2025
Қалықтаған қазақ үні әлем сахналарын шарлап жүр. АҚШ-тағы атақты «Карнеги холл» концерт залының сахнасына қазақ әншісі Гүлзар Ғабдрахман осымен екінші мәрте көтерілді. Әлемдік жұлдыздар ғана ән шырқау бақытына ие болған бұл концерт залына Америкада тұратын қазақ өнерпазы арнайы шақыртылып, өткен апта соңында «Gloabal Artist Debut Consert»-те екі бірдей ән салды.
Кино • 26 Шілде, 2025
Жүзінші жүрек тоқтап қалған жоқ
«Қазақстандағы 100-ші жүрек трансплантациясы» атты деректі фильм алғаш рет үлкен экранда кең аудиторияға көрсетілді. Елдегі кардиохирургия мен трансплантологияның дамуы Юрий Пяның есімімен тікелей байланысты, сондықтан оның қатысуымен өткен бұл премьера ерекше маңызға ие болды.