Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
159 материал табылды

Мирас • 31 Қаңтар, 2025

Саятшылар сарайы

Шалғай жатқан қазақ­тың бір отауы – Бай-Өлке аймағы. Бұл жақта ұлттық құндылық жақ­сы сақталған. Соның бірі – қазақтың құсбегілік өнері. Байырғы ғұрпын бұзбай дамып келеді. Со­ның әсері шығар, өткен жылы ша­һардың шет жағына көрер көзге керемет «Саят­шы­лар сарайы» салыныпты.

Тұлға • 31 Қаңтар, 2025

Тарихи тақырыпқа түрен салған

Астана қаласындағы «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қо­рықтың ұйымдастыруымен, биыл туғанына 110 жыл то­­лып отыр­ған көрнекті ­жазушы, тарихи тақырыптарға тү­рен салған қаламгер Ілияс Есен­бер­лин­ді еске алуға ар­налған «Есенберлиннің романындағы та­рихи мұра» атты дөң­ге­лек үстел өтті. Оған астаналық шы­ғар­ма­шы­лық өкілдері мен елор­да­ның №91 жалпы білім беретін мек­теп оқушылары қа­тыс­ты.

Дәстүр • 24 Қаңтар, 2025

Салбурын-қомырғы

Халқымыздың өмір сүру салтында салбурын (салбұрын) атты аңшылық-жауынгерлік дәстүр бар. Бұл туралы 2014 жылы жарық көрген «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атаулардың дәстүрлі жүйесі» атты көптомдықтың бесінші томында: «Салбурын – саят адам аяғы жетпейтін алыс қиырға топтанып, ұзақ уақытқа аң аулауға шығу», деген анықтама беріліпті.

Қоғам • 24 Қаңтар, 2025

Қандас қаламгерлер қуанышы

Астана қаласында «Ұлы дала – 2024» жобасы аясында жеңім­паз деп танылған шетелдік қазақ ақын-жазушылар кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шараны ұйымдастырған – Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар қоры» мен Қазақстан Жазушылар одағы.

Талбесік • 24 Қаңтар, 2025

Жағалтай

Жағалтай (Falco subbuteo) – өз алдына біртекті құс. Оның жаратылысы лашынға ұқсайды. Бірақ лашыннан кішірек. Түс-реңіне байланысты: қара жағалтай, құба жа­ғалтай, сұр жағалтай деп бөліне­ді.

Руханият • 17 Қаңтар, 2025

Бауыржанның келіні

Алғаш қолға қалам ұстап, жорналшы болуға қамданып жүрген 90-жылдары көпті көрген көнекөз бір қаламгер ұстазым «шығарма жазу үшін кейіпкеріңді дұрыс таңда. Кейіпкерің күшті болса, туынды жақсы жазылады», деген еді. Онымен қоймай қаламгер көкем «Абай жолы» эпопеясының күштілігі оның кейіпкері – ұлы Абай», деген-тін. Бұл пайым әрбір кез көкейімде жаңғырып тұрды.

Мирас • 17 Қаңтар, 2025

Ақ жамбыны ағашқа іліп атқан

Ескі жазбаларда ғұн қосы­нында арнайы мергендер жасағы болғаны хақында ай­ты­лады. Тіпті оларды жат­тықтыратын арнайы сардар тағайындалып, ол өз міндетін жарғы бойынша мүлтіксіз атқарып, толық сарапталған амал-тәсіл қолданған екен. Нәтижесінде, жауынгер-садақшылардың шеберлігі биік деңгейге жеткен.

Абай • 16 Қаңтар, 2025

Абайдың әділдігі

Тәуелсіздік жылдары ұлт руханияты үшін атқарылған зор істің бірі – «Мәдени мұра» бағдар­ламасы аясында 2013 жылы жарық көрген «Бабалар сөзі» жүз­томдығы. Осы кітап­тың 96-томында «Ауызекі әңгімелер» топтастырылған. Онда дана Абайға қатысты оқиғалар бар екен.

Сұхбат • 15 Қаңтар, 2025

Қазақ құсбегілігін әлемге әйгілеген

Жуықта «Республикалық құсбегілік федерациясы» қоғамдық бірлестігінің өтініші бойынша Моңғолия Республикасына іссапармен барып, сол жақтағы байөлкелік құсбегілердің өнерімен танысып, біршама дерек жинап келген едік. Саятшылықтың қыр-сырына қанық қаншама мамандарға жолықтық. Соның бірі – қазақтың құсбегілік өнерін зерттеумен қатар, әрбір сәтін суретке түсіріп, әлемге әйгілеп жүрген Чойжилжавын Батзаяа атты азамат. Бұл жігіт өткен жылы «Бүркіт» (моңғолша «Бүргэд») атты үлкендігі төре табақтай фотоальбом шығарыпты. Альбом-кітаптың басты тақырыбы – Қобда өлкесінде өмір сүріп жатқан қазақ құсбегілерінің өмірі, тыныс-тіршілігі, бүркітпен аң қаққан сәттері, саят-салбурын құрған кездері, түз құсын қолға түсіріп, оны баптап-баулуы қатарлы жүздеген көрініс фотобейне және әңгіме-сұхбат форматында берілген. Мұндай кітап құсбегіліктің отаны біздің елімізде жоқ. Сапар барысында Ұлан-Батыр қаласында тұратын фото-суретшіге жолығып, сұхбаттастық.

Руханият • 14 Қаңтар, 2025

Абылайдың түсі

Биыл туғанына 110 жыл толып отырған үлкен жазушы, қазақ әдебиетіне тарихи романдар желісін әкелген қайраткер-қаламгер Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы – эпи­ка­лық тынысының кең­дігімен, сюжет шеберлігімен, рухани серпін­ділігімен және өткен ғасыр­ларда қазақ халқы бастан кешір­ген оқи­ға­ларды көркем түрде сурет­теуімен құнды. Яғни аталмыш туын­ды авторымен тағдырлас талантты жазушы Әнуар Әлім­жановша айт­сақ: «Көшпенділер» трилогиясының беттерін мұ­қият зерделемейінше, қазақ ұлтының сан ғасырлық тарихын тал­дап, пайымдау да мүмкін емес, әрі мұнсыз ол толыққанды бол­майды».