Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3193 материал табылды

Қоғам • 28 Қаңтар, 2025

Ауырғың келмесе, кітап оқы!

Ғалымдардың айтуынша, тұрақты түрде кітап оқу ми қызметін жандандырып қана қоймай, жан тыныштығын сақтауға және психологиялық тепе-теңдікті нығайтуға ықпал етеді.

Жансарай • 25 Қаңтар, 2025

Өнегелі жол

Өткен жылдың соңында жоғары білім мен ғылым саласында ұзақ жыл қызмет еткен физик-ғалым бақиға озды. Досым Кенжалиев – Жезқазғандағы, Оралдағы, Астанадағы әріптестеріміз үшін ерекше есім. Әсіресе шәкірттеріне ыстық. Дәрісте, практикалық сабақта, ғылыми семинарда, факультеттің үлкенді-кіші жиынында үндемей-ақ, кеуде қақпай-ақ, салмақты ой, ұсыныс айтып тұлғасын биіктететін. Әдетте ол бір шетте қарапайым ұстаздық қалпымен тұратын. Біз «Досеке, не айтарыңыз бар?» деуші едік. Сонда ол: «Мәселе былай ғой...» деп ешқайсымыздың ойымызға келмеген сындарлы пікір айтатын. Аз, бірақ саз сөйлейтін.

Тұлға • 25 Қаңтар, 2025

Қаржы саласының білгірі

Халқымызда ұлтқа ұстын болар арда азаматтар аз емес. Адал еңбегімен абыройға кенеліп, мәртебесі биіктеген сондай жанның бірі – қаржы-экономика саласының білгірі Камал Шөкенов.

Руханият • 25 Қаңтар, 2025

Шертпе күй өнерінің атасы

Ұлттық құрылтай іске кіріскелі мемлекеттік деңгейде ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл ретте саяси билік пен азаматтық қоғам әріптес­тігінің басты бағдары – адалдық ұстанымындағы Әділетті Қазақстанға айналу. Сөйтіп халық пен билік арасында жаңа қоғамдық ортақ мәміле қалыптасады.

Тәрбие • 25 Қаңтар, 2025

Тәрбие тәжірибесі

Баянауылдың білім беру ұйымдарында келешекте ұлтқа қызмет ете­тін, дәстүр мен білім жолын бірге алып жүре алатын тұлғаны тәр­­бие­леу мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы белсенді жүзе­ге асып жатыр. Бүгінде онымен 4200-ге жуық оқушы қам­тыл­ған.

Әлем • 24 Қаңтар, 2025

Тайганы жайлаған духа қауымы

Моңғолияның таулы табиғаты мен жергілікті халқының тарихына қызығушылық танытсаңыз, әлеуметтік желіде үнемі алды­­ңыздан шығатын ерекше бір халық бар. Олар – Тайгада тір­­­шілік ететін түркітектес духа жұрты. «Духа» сөзі «тухамен» қатар тарихта «туга», «тува», «тыва», «тофа», «туба» деп те кездеседі. Сондықтан оларды «моңғол тывалары» немесе «туба­­лары» деп те атайды. Ал моңғолдар духаларға «цаатан­дар» деген ат берген. Моңғол ғалымдарының еңбектерінде «цаа­тан» сөзі­нің мағынасы «ақ затқа ие болу», яғни «ақ бұғы бағу­шылар» дегенге саяды.

Басылым • 24 Қаңтар, 2025

Сәдуақас Ғылмани және Дала ғұламалары

Дәл осындай атаумен («Saduaqas Ghilmani and the Great Steppe Scholars») ғылыми жинақ өткен жылдың соңында Түркияның Ыстанбұл қаласында жарық көрді. Шығарушы ұйым – IRCICA, OIC (Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы Тарих, мәдениет және өнерді зерттеу орталығы). Осы еңбектің даярлануын, шығуын үйлестірген ғалым – тарих ғылымдарының докторы, аталған орталық пен Еуразия ұлттық университетінің жетекші профессоры, танымал дінтанушы Әшірбек Муминов.

Олимпиада • 23 Қаңтар, 2025

Қоржынға 117 медаль түсті

Астанада математика, физика және информатика бойынша 21-халықаралық О.Жәутіков олимпиадасы өтті. Оған әлемнің 15 елінен 700-ге жуық оқушы мен 150 тәлімгер қатысты. Мазмұнды іс-шараны Оқу-ағарту министрлігі,«Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды.

Тұлға • 23 Қаңтар, 2025

Ғибратты ғұмыр

Ата-бабадан мирас болып келе жатқан ұлттық құндылықтарды сақтау, оны жаңа дәуір талабына сай жаңғырту, әсіресе мемлекеттік мәртебеге ие болған ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейте түсу сияқты өткір мәселелер қазіргі қо­ғамымыздың зиялы қауымын толғандырады. Сондай абзал азаматтардың бірі – саяси ғылымдар докторы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, Мұстафа Шоқай ғылыми орталығының ғылыми жетекшісі Әбдіжәлел Қошқарұлы Бәкір.

Руханият • 23 Қаңтар, 2025

Заманның сөзін сөйлесек...

Публицистика ма, әлде... Негізі, «фольклор бұрын туған ба, әлде ақпарат арқылы қоғамдық санаға қозғау салу өнері алғаш пайда болған ба?» деген сұрақ төңірегінде ойланған артық емес. Фольклор әу баста ауызша туып, ауызша тарап, сана мен сезім сүзгісінен өтеді. Уақыт жаңғырса да, халық өмірімен тығыз байланыста өмір сүре беретінін фольклорист ғалымдар анықтаған. Соны­мен қатар бұқаралық ақпарат құ­рал­­дарында жарияланған ақпараттар да алуан пішінде, түрлі жанрда ұсынылып, әлеумет санасына қозғау салады.