Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23723 материал табылды

Пікір • 11 Сәуір, 2025

Жол бар жерде даму бар

Биылғы наурыз айында Бура­бай­да өткен Ұлттық құрыл­тайдың төртінші оты­рысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кө­терген мәселелер мен жа­рия­­лаған ше­шім­дерді халқымыз ерекше ықыласпен қабыл алды. Соның ішінде Мемлекет басшысы Үкіметке Орта­лық – Ба­тыс авто­­мобиль жолын бастауды тапсырғанының саяси-әлеу­­мет­тік және экономикалық тұрғыдан маңызы зор.

Digital • 11 Сәуір, 2025

«Цифрлық көшпелілер» ештеңеден тарықпайды

«AlmatyFair.ai» көрмесі аясында өткен «Шекарасыз болашақ: цифрлық көшпелілер дәуірі» атты панельдік сессияда елімізге халықаралық IT-мамандарды тарту мәселесі сөз болды. Онда сарапшылар «цифрлық көшпелілерге» қолайлы бизнес-ортаны қалыптастырып, көші-қонның құқықтық аспектілері мен IT-мамандарды тартуға арналған жаңа құралды іске асыруды талқылады.

Теннис • 11 Сәуір, 2025

Аустралиядан басым түсті

Жасыл құрлықтағы Брисбен қаласында теннистен Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу сайыстары басталды. Әлем чемпионатына баланған жарысқа жолдама алу жолында Қазақстанның әйелдер командасы Аустралия және Колумбия құрамаларымен бір топқа түсті.

Кәсіпқой бокс • 11 Сәуір, 2025

Жәнібекті жекпе-жекке шақырды

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBC нұсқасының чемпионы Карлос Адамес күні кеше ғана Астанада франциялық Анауэль Нгамиссенганы бесінші раундта ұрып жығып, екі бірдей алтын белбеуін қорғап қалған Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды.

Аймақтар • 10 Сәуір, 2025

Ауызсумен қамтамасыз етуге қаржы бөлінді

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жобаларын жүзеге асырып жатыр.

Өшпес даңқ • 10 Сәуір, 2025

Қалам мен қаруды қатар ұстаған батыр

Биыл соғыс атты суық сөздің аты өшіп, бейбіт өмір кешіп отырғанымызға 80 жыл толады. Осы қанқасапта қолына қаламы мен қаруын қатар ұстаған қазақ ақын-жазушылары да аз болмаған. Қаншама қаламгеріміз сұрапыл соғыстың қақ ортасында ажалмен бетпе-бет келіп, жаумен жағаласып жүріп, жұртты жалынды жырларымен рухтандыра білді. Солардың бірі менің атам Әбзәли Егізбаев еді.

Өшпес даңқ • 10 Сәуір, 2025

Жауынгер ерлігі – ұрпақ ­жадында

Дүниежүзін шарпыған соғыста халық шеккен қасіретті сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Майданға аттанған 1,2 миллионға жуық отандасымыздың тең жартысына жуығы соғыстан оралмады. Баласынан көз жазған ананың зары, жарынан айырылған әйелдің мұңы, әкеден қалған жетімнің шері адамзат санасында жаңғырып тұрары айдай ақиқат. Соғыс кесірінен әкеден айырылған шерлі жанның бірі менмін. Әкем соғысқа аттанғанда анамның жөргекте жатқан жалғыз ұлы екенмін. Ол майданға аттанып, Отан қорғау жолында қалмақ даласы, Сталинград, Харьковке дейін барып, хабарсыз кеткен.

Жансарай • 10 Сәуір, 2025

Жақсы ісі жалғасады

Ел құрметіне бөленген Атымтай жомарт кәсіпкер марқұм Данияр Молдиярұлы атындағы қор құрылып, жұмысын бастайды. Үлкен ұжымның басшысы, отбасының қамқоры болған Данияр Молдиярұлы Нұрбаевтың кіндік қаны Жетісу облысының Ақсу ауданында тамған. Десе де ол Жамбыл ауданында, ақындар мен батырлар елінде өмірдегі өз орнын тапқан абыройлы азамат еді. Сол жылдары ол азаматтық жақсы ниетімен соңына жақсы сөз, ізгілікті із қалдырды.

Саясат • 09 Сәуір, 2025

Диалогті дамыту маңызды

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Сьерра-Леоне Республикасының Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Тимоти Муса Каббамен кездесті.

Саясат • 09 Сәуір, 2025

Кнессет спикерімен кездесті

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Астанаға ресми сапармен келген Израиль Кнессетінің спикері Амир Оханамен кездесті. Тараптар парламентара­лық ынтымақтастықтың келешегін талқылады.