Өшпес даңқ • 05 Маусым, 2025
Батырлар есімі ескерткішке қашалды
Биыл адамзат баласының тарихындағы зардабы мен қасіреті өте ауыр, ең қанқұйлы Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіске 80 жыл толды. Неміс басқыншыларына қарсы күресте Қазақстанның қосқан үлесі ұшан-теңіз. Соғыста атылған әрбір он оқтың тоғызы елімізде шығарылса, әрбір бесінші отандасымыз майданға аттанды. Сол майдангерлердің өзі бүгінде азайып барады. Алайда ерлігі елге мұра, ұрпаққа ұран болған асыл жандар санадан сызылып, ойдан өшпеуге тиіс.
Аңдатпа • 05 Маусым, 2025
6 маусым - «Жусан иісі» Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» драмасы сахналанады. Режиссері – Жұлдызбек Жұманбай.
Сатира • 05 Маусым, 2025
Қаламгер қауымның басқаларға қарағанда бір ерекшелігі – елге өзінен бұрын сөзі жетеді. Сол секілді, маған да ең бірінші сатира сардарының өзін емес, сөзін тану бұйырды. Оның сатиралық туындыларын сонау бала кезімізде тұщына оқып, суретін баспасөз беттері мен теледидардан көріп таныдық.
Көрме • 05 Маусым, 2025
«Qazaq content»: өнер уақыт таңдамайды
Ел астанасында «Forte kulanshi art space» галереясында «Qazaq content» атты заманауи өнер көрмесінің ашылуы өтті. Бұл – еліміздегі кәсіби суретшілердің екінші биенналесінің аясында ұйымдастырылған ерекше мәдени оқиға. Көрменің кураторы – өнертанушы, «Құланшы» қазіргі заман өнер орталығының жетекшісі Лейла Махат.
Қоғам • 04 Маусым, 2025
Қоғамдық жұмысқа тартылғандар үшін арнайы киім енгізілуі мүмкін
Қазақстанда қоғамдық жұмысқа тартылған құқық бұзушылар «Қоғамға қарыздар» деген жазуы бар арнайы көкірекше киюі мүмкін. Ішкі істер министрлігі ұсынған бұл бастама қоғамда қызу пікірталас тудырып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Маусым, 2025
Шымкентте таксиге шабуыл жасаған әйел ұсталды
Шымкент қаласында жас әйелдің такси көлігінің әйнектерін ұрып, сындырып жатқан сәті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Маусым, 2025
Жыл басынан бері елімізге қанша мигрант келді
Биылғы жылдың алғашқы үш айында Қазақстанға 4923 адам келген, ал 1122 адам елден кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Заң мен Тәртіп • 04 Маусым, 2025
Қазақстанда кімдерге рақымшылық беріледі
ҚР Парламентінің Мәжілісі Ата Заңның 30 жылдығына орай сотталғандардың белгілі бір санатына рақымшылық жасау туралы заң жобасын қабылдады. Бұл заң сотталған азаматтардың белгілі бір санатына жазаны жеңілдетуге немесе толығымен босатуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Маусым, 2025
Алматы облысында радикалды діни топтың жетекшісі ұсталды
Алматы облысында радикалды діни топтың жетекшісі ұсталып, оған діни алауыздықты қоздырды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық дін істері басқармасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Маусым, 2025
Елімізде пошта алу тәртібі өзгереді
2025 жылғы 13 маусымнан бастап Қазақстанда пошта жөнелтілімдерін беру тәртібі өзгереді. Енді сәлемдеме немесе хатты тек алушы ғана емес, оның орнына басқа адам да ала алады — бұл үшін арнайы QR-код немесе PIN-код жеткілікті. Жаңа ереже ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 28 мамырда қабылданған №265/НҚ бұйрығында көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz.