
Пікір • 18 Сәуір, 2025
Медианың міндеті – уақытпен үндесу
Қазіргі жаһандану дәуірінде бүгінгі ақпараттық кеңістікпен шектеліп қалмау маңызды. Осы ретте Орталық Азия форумы бірлескен медиа өнімдер жасауға, ортақ құндылықтарды халықаралық деңгейде дәріптеуге ықпалдасады.
Абай • 18 Сәуір, 2025
Абай мұрасы және мемлекеттік мүдде
Биыл күллі адамзаттық ауқымда ойлау биігіне көтерілген қазақ халқының дана перзенті, кемеңгер Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толады. Бұдан тура бес жыл бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев хакімнің 175 жылдық мерейтойына орай «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақала жариялаған еді. Мұнда дала данышпаны ілімін қазіргі заман мен қоғам талабына сай жаңа ұстаныммен, тың көзқараспен жеткізген тағлымы мол, маңызы терең һәм өзекті тұжырымдама мәртебесінде халыққа ұсынылды.
Дін • 18 Сәуір, 2025
Ұрпақ тәрбиесі һәм ұлттық құндылық
Ұлттың болашағын қалыптастыратын ең маңызды құндылықтардың бірі – ұрпақ тәрбиесі. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – баршамыздың ортақ асыл міндетіміз. Өйткені өскелең жас буынның бойындағы рухани дағдарысты болдырмау – бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі. Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда осы ұрпақ тәрбиесіне ерекше тоқталды.
Форум • 18 Сәуір, 2025
БАҚ – қоғамның ажырамас бөлігі
Елордада екі күнге созылған IІ Орталық Азия медиафорумы аяқталды. Аймақтың медиа саласы мамандарына алыс-жақын шет мемлекеттердің сарапшылары бүгінгінің өзекті тақырыптарын қамтыған панельдік, нетворкинг сессияларымен қатар түрлі шеберлік-сабақтарын өткізді.
Өшпес даңқ • 18 Сәуір, 2025
«Egemen Qazaqstan» газетінің 2025 жылғы 28 ақпан күнгі санында журналист Дүйсенәлі Әлімақынның «Аустралия газеттері қазақтар туралы не жазды?» атты мақаласын оқып отырып, Екінші дүниежүзілік соғыстың батыры, жерлесіміз мерген Сиязбеков Сұлтанбек туралы «Қазақтың қос мергені» атты шағын мақала көзіме оттай басылды.
Қоғам • 18 Сәуір, 2025
Термешілерге неге көңіл бөлінбей жүр?
Сөздің небір асыл маржаны қазақтың жыр-термелерінде. Теңіздің түбіндегі інжу тастардай бағалы теңеулерді де қасиетті өнердің осы түрінен табамыз. Ал жыршылар туралы айтарымыз аз емес. Жыршылық дәстүр Сыр бойында және батыс облыстарда терең мазмұнда сақталғаны баршаға белгілі. Ал біздің Әулиеата өңірінде қазіргі таңда жыр мен термені дамытуға көңіл бөлу, жыршы мен термешіні бағалау жоғары деңгейде деп айту қиын.
Таным • 18 Сәуір, 2025
Александр БАЛТИН, ақын, публицист (Ресей): Әбіш Кекілбаевтың ғарышы
Көрнекті ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сауытбек Абдрахмановтың мәдениеттанушылық еңбектері халықаралық ауқымда танылған. Автордың Абай аудармашылығы туралы зерттеулері Мәскеуден шыққан ұжымдық жинақтарда жарияланған, жекелеген мақалалары орыс, ағылшын, француз, араб, түрік, өзбек, тәжік тілдеріндегі газеттерде шыққан. «Литературная газетада» басылған «Читал я сладостный Коран» атты мақаласы жөнінде біз кезінде ілтипатты мақала да арнағанбыз. Өткен жылы С.Абдрахмановтың халқымыздың ерен ойшылы, классик жазушысы Әбіш Кекілбаевтің мәдениеттанушылығы туралы жазылған «Абыз Әбіш» кітабы Мәскеудің «Художественная литература» баспасынан «Корифей» деген атпен жарық көрді. Біз бүгін белгілі ақын, публицист Александр Балтиннің сол кітап жөнінде жақында «Литературная газетада» басылған рецензиясын оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Қоғам • 18 Сәуір, 2025
Бейсекеңнен бата алған әдебиеттанушы
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Кәусар» мәдени-танымдық орталығының ұйымдастыруымен «Оқымысты» атты кездесу өтті. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әдебиет сыншысы, профессор Құлбек Ергөбекпен кездесуді Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, өнертану профессоры Кенжеғали Мыржықбай жүргізді.
Пікір • 17 Сәуір, 2025
Қытай мен ОА: ортақ құндылықтар мен сенімді әріптестік
Қытай мен Орталық Азия елдерін ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи, мәдени және рухани сабақтастық байланыстырады.
Пікір • 17 Сәуір, 2025
Орталық Азия мен Еуропа арасындағы байланыс нығайып келеді
Мен өткенге емес, бүгінгі журналистикаға тоқталғым келеді. Қазіргі медиа үшін ең өзекті құндылық – бейтараптық.