Фото: minpromstroykz
Осы тізілімге енгізілген кәсіпорындардың бірі — «Өскемен арматура зауыты» АҚ. Бұл — елдегі құбыр арматурасын шығаратын ең ірі әрі тәжірибелі зауыттардың бірі.
«Бірыңғай тізілім — бұл жай ғана цифрлық база емес. Бұл — өнеркәсіпке деген жаңа көзқарас. Ашық, әділ және нақты өндірісті қолдайтын жүйе. Тізілімге ену біз үшін мемлекеттің сенімі мен еңбегімізге берілген баға», дейді зауыт басшылығы.
Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, тізілім ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылып жатқан кезеңде ерекше маңызды. Себебі мұндай жобаларда жабдықтардың сапасы, сенімділігі және шығу тегі нақты расталған болуы қажет.
«Мұнда бастысы біреумен күресу емес, баршаға ортақ, түсінікті ережелер қалыптастыру. Өнімнің шығу тегі анық болғанда, тапсырыс беруші үшін де, өндіруші үшін де сенім артады, ал нарық тұрақты болады», деп атап өтті компанияда.

2026 жылдан бастап Бірыңғай тізілімге толық көшу кәсіпкерлердің пікірінше, өнімнің отандық екендігін ашық растауға, адал өндірушілерді қорғауға және тең бәсекелестік орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.