Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3702 материал табылды

Пікір • 18 Қыркүйек, 2025

Рухани үндестік – келісімнің берік негізі

Астанадағы Әлемдік және дәстүрлі дін көшбас­шыларының съезі – рухани үндестік пен өркениеттер­дің өзара құрметі негізін­де өрбитін жаһандық диалог алаңы.

Пікір • 18 Қыркүйек, 2025

Толеранттылық тәжірибесін бөліскен басқосу

Біздің съезге келгендегі басты мақсатымыз, рөліміз – адамдар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға қадам жасау.

Саясат • 18 Қыркүйек, 2025

Дінаралық диалог – татулық тірегі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлем­дік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII cъезіне қатысу үшін Астанаға келген мәртебелі мей­мандармен кездесу өткізді.

Саясат • 18 Қыркүйек, 2025

Бейбітшілікті қорғау жолындағы үніміз әлдеқайда өршіл болуы қажет

Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің ашылу салтанаты өтті. Оған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ Өркениеттер Альянсының Жоғары өкілі Мигель Анхель Моратинос, Сенат төрағасы, аталған съезд Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев, әлемдік және дәстүрлі діндердің рухани көшбасшылары қатысты.

Үкімет • 18 Қыркүйек, 2025

Автожол құрылысын қолдауға дайын

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Халықаралық қаржы ұйымдарымен (ХҚҰ) ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Туризм • 18 Қыркүйек, 2025

Туризм саласын дамыту талқыланды

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы – «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәсе­ле­лер және оны түбе­гейлі цифрлық өзгеріс­тер арқылы шешу» аясында туризмді дамыту жұмы­сы­ның өзек­тен­дірілуі қарал­ды.

ЖОЛДАУ • 18 Қыркүйек, 2025

Партиялық тізім демократияға дем береді

Биылғы Жолдаудың ерекшелігі – саяси жүйеге қатысты өзгерістер. Атап айтқанда, бір палаталы Парламентке көшу, келешекте депутаттарды тек партиялық тізім арқылы сайлау ұсынылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ешқашан тағдыршешті өзгерістерді аяқ астынан ұсынбайды. Бұрынғы билік тұсында Конституцияға немесе басқа да аса маңызды мәселелерге қатысты өзгерістер дәл қабылданар алдында жарияланып, халық талқылап үлгерместен қабылданатын. Ал бұл жолы Президент мәселені халық назарына шығарып, бір жыл бойы талқылауға мүмкіндік беріп отыр. Бұл Қ.Тоқаевтың ашық саясат жүргізуге дайын екенін көрсетеді. Референдум 2027 жылға жоспарланды.

ЖОЛДАУ • 18 Қыркүйек, 2025

Бастама – оң, бағыт – айқын

Президент Жолдауында көтерілген мәселелер өте ауқымды. Алдағы жылдары еліміз дамудың жаңа сатысына көтерілуге тиіс. Ол үшін бес негізгі бағыт айқындалды.

Тұлға • 18 Қыркүйек, 2025

Тұлға жолы жеке өнегеден басталады

Қыркүйек – біздің әулетіміз бен отандық шығыстанушылар үшін ерекше ай. Белгілі қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Әбсаттар қажы Мәлікбердіұлы 1947 жылы осы айда жарық дүние есігін ашыпты. Әкем талай замандастары секілді мектеп бітіргенше ел басына түскен ауыртпалықты бір кісідей көтеріскен. Соғыстан кейінгі жылдардың тауқыметі, ауылдағы ауыр еңбек – бәрі де оның жастық шағының сынағы болды. Кеңшардағы жұмыстарға араласып, арба айдады, егін даласында тер төкті. Сол қиындыққа қарамастан, ол білімге деген ынтасын ешқашан жоғалтпады. Жастық қайратын еңбектен аямай, өмірдің сынағына төтеп беріп өсті. Алға қойған мақсат-мұратына қажырлы еңбегімен жетті.

Тағзым • 18 Қыркүйек, 2025

Мәскеуде асқақтаған мәңгілік сарын

Күні кеше Мәскеу төрінде қазақтың ХХ ғасырдағы ұлы тұлғасы, күйші-композитор, дирижер, Қазақстанның халық әртісі Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына арналған ЮНЕСКО шеңберінде өтіп жатқан дүбірлі мереке ұлтымыздың рухани мұрасының әлемдік кеңістікте биік орны барын тағы бір дәлелдеді. Бұған дейін Қытайда, Қырғыз Республикасында да жоғары деңгейде өткен дүбірлі той Ресей Федерациясында да әлем жұртшылығын дүр сілкінтті.

Яндекс.Метрика