Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23723 материал табылды

Руханият • 08 Тамыз, 2024

Абай және Тәкен

Әуезовтің шәкірт-досы, қазақ прозасына өлшеусіз үлес қосқан жазушы, сыншы, әдебиет зерттеушісі Тәкен Әлімқұлов осыдан жетпіс жыл бұрын Абай шығармашылығын зерттеуге ат басын бұрыпты. 1954 жылдың алғаш­қы айларында Абай поэзиясының көр­кем­дік құндылықтары, жаңашылдығы, тұтас қазақ поэзиясына, күллі қазақ әдебиетіне, руханиятына жасаған әсер-ықпалы, тарихи миссиясы туралы тұңғыш ой-толғамдарын қағаз бетіне түсіре бастаған. Алдымен алғашқы үзінділерін газет беттерінде жариялап алған соң, осы дүниесін үлкен сүйекті мақалаға, тұтас зерттеу еңбегіне айналдырып, 1958 жылы Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан жарық көрген «Жемісті жолда» атты тұңғыш әдеби-сын мақалалар жинағына енгізіпті.

Тәрбие • 08 Тамыз, 2024

Тәрбие ұлтты сапалы етеді

Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам­дағы ең өзекті мәселелерге назар аударды. Бұл басқо­суда елдегі саяси реформалар қорытындыланып, алдағы кезеңде іске асыратын кешенді экономикалық және әлеумет­тік реформаларға қажетті іс-қимыл жоспары таныс­тырылды.

Пікір • 08 Тамыз, 2024

Қоғамдық дертпен жұмыла күресу керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында «Өткенімен ғана өмір сүретін жұрт өркениетті ел бола алмайды. Ұлт сапасын жақсартамыз десек, бір ел болып жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастыруымыз қажет», деді.

Аймақтар • 08 Тамыз, 2024

Геологиялық барлаудың жаңа тәсілі

Елімізде экологияға залалы аз тиетін геологиялық барлаудың жаңа тәсіл­­дері зерттеліп жатыр. Жалпы құны 2,6 млрд теңгені құрайтын зерт­теу жұмыстарын «Самұрық-Қазына» қорына қарасты «Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы қаржыландырады.

Экономика • 08 Тамыз, 2024

«Самұрық-Қазына» қорының халықтық жобалары жалғасады

400 баланың арманын орындады «Самұрық-Қазына» қорының қолдауы­мен іске қосылған «Туған елге саяхат» жобасы тамыз айының алғашқы сенбісінде өз мәресіне жетті. 10-15 жас аралығындағы 400 бала саяхат пойызында 2 кезеңнің қоры­тындысында 9 294 км жолды еңсеріп, Астана, Бурабай, Алма­ты, Тараз, Түркістан және Бай­қо­ңыр аймақтарындағы танымал мә­де­ни-тарихи орындарға сапар шекті.

Саясат • 07 Тамыз, 2024

Ортақ мүдде біріктірген бауырлас халықпыз

Өзбекстан Қазақстанды қоса алғанда, Орталық Азия елдерімен өзара сенім мен тату көршілікке негізделген қатынастарды да­мы­ту жолымен жүріп келеді. Өзбек және қазақ халықтары жа­қын көршілер ғана емес, көпжақты ынтымақтастықтың кө­п­те­­ген аспектісі бойынша бір-бірін бауырлар ретінде қолдап отырады.

Сараптама • 07 Тамыз, 2024

«Жасыл» экономика индексі

XXI ғасырда әлемде климаттың жылынуы, ауаның ластануы, қоршаған ортаны қорғау сынды өзекті экологиялық мәселелер орын алып, «жасыл» экономикаға көшу адамзат баласының алдында тұрған негізгі мақсаттардың біріне айналды. «Жасыл» экономика – табиғи қорларды тиімді пай­далану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға ба­ғыт­­талған, сондай-ақ соңғы пайдалану өнімдерін өндіріс­тік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін экономика. «Жасыл» экономика бірінші кезекте, қазіргі уақытта сар­қы­л­уға ұшыраған (пайдалы қазбалар – мұнай, газ) ресурс­тар­ды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға негізделген.

Таным • 07 Тамыз, 2024

Ел тарихының еңселі кезеңі

Бүгінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен «Қазақстан тарихы ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін» 7 томдық іргелі ғылыми еңбек әзірленіп жатыр. Бұл еңбек үш тілде жарыққа шығып, барлық әлем университеті мен академиялық ортаның Қазақстан тарихы туралы ауқымды мәліметтер алуына, қолдануына мүмкіндік береді.

Қоғам • 06 Тамыз, 2024

Несиесі 90 күннен асып кеткендер қалай табыс табады

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова және «AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев Жамбыл облысына барып, «Қарызсыз қоғам» жобасы аясындағы атқарылып жатқан жұмыспен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шахмат • 06 Тамыз, 2024

«Senat Open» шахмат турнирі: «Батыс» өңірінен финалға шыққандар

Кеше Парламент Сенатының шахмат бойынша «Senat Open» ашық кубогінің жартылай финалдағы бес турнирінің бірі Ақтөбеде өтті. Сенат аясында Қазақстан шахмат федерациясы мен Kazchess ал­ғаш рет ұйымдастырған турнирге барлық облыстар мен республи­ка­лық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттары, облыстық және қалалық қоғамдық кеңестердің мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.