
Көрме • 05 Маусым, 2025
«Qazaq content»: өнер уақыт таңдамайды
Ел астанасында «Forte kulanshi art space» галереясында «Qazaq content» атты заманауи өнер көрмесінің ашылуы өтті. Бұл – еліміздегі кәсіби суретшілердің екінші биенналесінің аясында ұйымдастырылған ерекше мәдени оқиға. Көрменің кураторы – өнертанушы, «Құланшы» қазіргі заман өнер орталығының жетекшісі Лейла Махат.
Қоғам • 04 Маусым, 2025
Қоғамдық жұмысқа тартылғандар үшін арнайы киім енгізілуі мүмкін
Қазақстанда қоғамдық жұмысқа тартылған құқық бұзушылар «Қоғамға қарыздар» деген жазуы бар арнайы көкірекше киюі мүмкін. Ішкі істер министрлігі ұсынған бұл бастама қоғамда қызу пікірталас тудырып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Маусым, 2025
Шымкентте таксиге шабуыл жасаған әйел ұсталды
Шымкент қаласында жас әйелдің такси көлігінің әйнектерін ұрып, сындырып жатқан сәті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Маусым, 2025
Жыл басынан бері елімізге қанша мигрант келді
Биылғы жылдың алғашқы үш айында Қазақстанға 4923 адам келген, ал 1122 адам елден кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Заң мен Тәртіп • 04 Маусым, 2025
Қазақстанда кімдерге рақымшылық беріледі
ҚР Парламентінің Мәжілісі Ата Заңның 30 жылдығына орай сотталғандардың белгілі бір санатына рақымшылық жасау туралы заң жобасын қабылдады. Бұл заң сотталған азаматтардың белгілі бір санатына жазаны жеңілдетуге немесе толығымен босатуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Маусым, 2025
Алматы облысында радикалды діни топтың жетекшісі ұсталды
Алматы облысында радикалды діни топтың жетекшісі ұсталып, оған діни алауыздықты қоздырды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық дін істері басқармасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Маусым, 2025
Елімізде пошта алу тәртібі өзгереді
2025 жылғы 13 маусымнан бастап Қазақстанда пошта жөнелтілімдерін беру тәртібі өзгереді. Енді сәлемдеме немесе хатты тек алушы ғана емес, оның орнына басқа адам да ала алады — бұл үшін арнайы QR-код немесе PIN-код жеткілікті. Жаңа ереже ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 28 мамырда қабылданған №265/НҚ бұйрығында көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Маусым, 2025
Астанада шетелге жұмысқа дайындайтын орталық ашылды
Елордада шетелде еңбек етуге ниетті азаматтарға арналған жаңа көші-қон алдындағы дайындық орталығы ашылды. Бұл бастама қазақстандықтардың шетелде жұмысқа орналасар алдында жақсырақ дайындалуына, қорғалуына және ақпараттандырылуына бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 04 Маусым, 2025
Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Астанада Құрбан айт мерекесіне орай 2025 жылғы 7-8 маусым күндері қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Маусым, 2025
Алматыда жұмысшы кран апатынан көз жұмды
Алматыдағы Сәтбаев көшесіндегі құрылыс алаңында 2025 жылғы маусым айының басында болған төтенше жағдай салдарынан 61 жастағы краншы Жұмабек Қалдыбаев қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.