Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24119 материал табылды

Руханият • 19 Қыркүйек, 2025

Оралу: рух күші

Міржақып тойы үстінде Торғайға қатысты ойлар да өзінен-өзі шеңберлене түседі. Балғын баланың қаршадайынан бергі тағдыры осы қарт қалаға байлаулы болған-ды. ...Аудан орталығының Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде 1991 жылдың жаймашуақ күзінде Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының ақталуына орай республикалық конференция өткізілген еді. Алаш көсемдерінің рухын асқақтатып, Қазақстаннан әрі асырып, бүкіл түркі әлеміне паш етіле бастаған таралғылы, алтын шуақты шақ еді.

Зерде • 19 Қыркүйек, 2025

Зиялылық – ауқымы кең құбылыс

Біз табиғи болмысы туралы сыр тарқатып, кісілік келбеті жө­нінде баяндауға ниет етіп отырған кейіпкеріміздің өнегелі өмірі мен шығармашылық шеберханасына үңілгенде, ұлт зиялы­лары­на тән қасиеті оның абыройын көтеріп, БАҚ саласында, ат­қарушы билік пен қоғам арасында танымал еткенін байқадық.

Саясат • 19 Қыркүйек, 2025

Ынтымақтастық бағыттары талқыланды

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымының (ИСЕСКО) бас директоры Салим бин Мұхаммед Әл-Маликпен кездесу өткізді.

Президент • 18 Қыркүйек, 2025

Федерация қызметіне оң баға берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады.

Кино • 18 Қыркүйек, 2025

Жаңа «Патруль», «Заманback» және «Qazaq Alemi»: Кинопоиск қазақстандық кинохиттерді ұсынды

Қазақстандық кино нағыз бұқаралық құбылысқа айналды. Енді үздік фильмдерді тек кинотеатрларда ғана емес, онлайн да көруге болады. Кинопоиск қазақстандық прокат көшбасшыларын ұсынады: отбасылық және романтикалық комедиялардан бастап, миллиондаған көрерменнің сүйіспеншілігіне бөленген, көпшілік асыға күткен премьераларға дейін.

Пікір • 18 Қыркүйек, 2025

Бейкүнә халықты қорғау – басты борыш

Қазіргі таң­да әлемдік дең­гей­де аса өзекті әрі күрделі мәсе­­ле­­нің бірі – Газа­да­ғы және тұтас Па­­лестина аума­ғын­­­дағы ахуал. Бұл жағдай жеке­леген бір мемлекетке немесе ұлт­қа ғана қатысты мәселе ғана емес, бүтін адамзат баласының ар-ұжданына тіке­лей әсер ететін жаһандық деңгейдегі сын-тегеурін десе де болады. Осыған орай халықаралық ұйымдар мен түрлі деңгейдегі форумдардың күн тәртібінде Газадағы жағдай басым бағыттардың бірі болуға тиіс.

Пікір • 18 Қыркүйек, 2025

Гуманистік идеалға бастайтын құндылықтар

Жақсы әсер алып жатырмын. Бауыр­лас мұсылман ретінде Қазақ­станға деген мақта­ныш сезімімді, құрметім­ді жет­кізгім келеді. Өйткені қазір әлемге көз жүгіртсек, қайшылықтар, қақтығыстар, арандату, қоғамды жік-жікке бөлетін теріс пиғылды ұрандар көбейіп барады.

Пікір • 18 Қыркүйек, 2025

Дүниежүзілік өзара түсіністіктің үлгісі

Қазақстан Пре­­зи­денті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әлем­дік және дәс­түр­лі діндер көш­бас­­шылары­ның съезі­не ерекше мән беріп отыр­ғанына куә болып отырмыз. Бұл – Қазақстанның бейбітшілік пен өзара түсіністікті дамыту жолындағы берік ұстанымының айқын көрінісі.

Пікір • 18 Қыркүйек, 2025

ЖИ дәуірінде де адамгершілік маңызды

Қазіргі қо­ғамда жасанды интел­лектінің жедел дамуы көптеген мүм­кіндікпен қатар, күр­делі этикалық, рухани және дүниетаным­дық сұрақтарды да ал­ға тар­тып отыр. Қазақ­­стан Прези­денті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жасан­ды интел­лектінің этикалық дамуын қадаға­лайтын арнайы комиссия құру туралы ұсынысы – аса маңызды әрі дер кезінде көтерілген бастама.

Пікір • 18 Қыркүйек, 2025

Жаһандық сын-қатерлерге бірлескен жауап

Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысу – мен үшін үлкен мәртебе. Бұл іс-шара әлемдік деңгейдегі ең ауқымды платформаға айналып, онда дін және дәстүр көшбасшылары бірлесе отырып, кең ауқымды диалог жүргізіп, өзара тиімді ынтымақтастық пен сенімді қарым-қатынас қалыптастыруға мүмкіндік алды. Осының барлығы Қазақстанның көркем өлкесінде жүзеге асып отыр.