Технология • Бүгін, 14:29

Қазақстан цифрлық қызметтер экспортын кеңейтеді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің цифрлық әлеуетін арттыруда салада экспорттық өнімдер қатарын арттыру жолға қойылып келеді. Осы мақсатта Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық үкіметті қолдау орталығы Тәжікстан Республикасының Ayon Smart Solution компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан цифрлық қызметтер экспортын кеңейтеді

Аталған ынтымақтастық келісімі Цифрлық мемлекеттік қызметтерді дамытуға, GovTech шешімдері мен жасанды интеллект технологияларын енгізуге, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық жүйелердің архитектурасын және деректермен жұмыс істеуді дамытуға бағытталған. Салаға жауапты министрліктің мәліметінше, практикалық тұрғыда бұл азаматтар мен бизнестің мемлекетпен өзара іс-қимылын жеңілдетуге және мемлекеттік процестердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін шешімдерді қамтиды.

«Біз бұл ынтымақтастықты тек ел ішінде цифрлық шешімдерді дамыту мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар қазақстандық GovTech тәжірибелерін өңірлік деңгейде ауқымдау мүмкіндігі ретінде қарастырамыз. Бұл цифрлық платформаларды ілгерілету, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және технологиялық сараптаманы экспорттау туралы. Болашақта бұл Орталық Азияда GovTech саласында өңірлік құзырет орталығын қалыптастыруға негіз болуы мүмкін», деп атап өтті Цифрлық үкіметті қолдау орталығының бас директоры Алия Оспанова.

ЖИ және мемлекеттік қызметтер: AlemGPT сервисінің мүмкіндіктері қандай?

Келіссіөз барысында тараптар мемлекеттік процестерді реинжинирингтеу, цифрландырудың платформалық моделіне көшу, Big Data жүйелерін дамыту және басқарушылық шешімдерді интеллектуалды қолдау бағыттары бойынша өзара іс-қимыл жасауға келісті.

Енді мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеу цифрлық форматта жүзеге асырылады

Мамандарының пікірінше, бұл бағыттағы нәтижелі келіссөздер Орталық Азия елдерінің нарықтарына цифрлық шешімдер мен технологиялық сараптаманы ілгерілете түспек.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар