Қазақстан • Бүгін, 14:10

11 мың шақырым жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде биыл 11 мың шақырым автобиль жолына құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

11 мың шақырым жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Өңдеу өнеркәсібін дамыту, инвестициялық белсенділікті арттыру және өндірістерді технологиялық жаңғырту мәселері қаралған жиында Премьер-министр көлік саласына да тоқталып өтіп, бірқатар автомобиль жолдарына құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілетіндігін жеткізді.

«Көлік саласында оң динамика қалыптасып, негізгі көрсеткіштердің өсуіне қол жеткізілді. Автожол саласының алдында өңірлердің көлік байланысын арттыру үшін аса маңызды ірі стратегиялық жобаларды іске асыру міндеті тұр. Автожол саласының алдында өңірлердің көлік байланысын арттыру үшін аса маңызды ірі стратегиялық жобаларды іске асыру міндеті тұр. Биыл 11 мың шақырым автомобиль жолын құрылыс және жөндеу жұмыстарымен қамту қажет», деді Премьер-министр.

Энергетика министрі: Жыл соңына дейін Қашағандағы жаңа зауыттың құрылысы аяқталады

Сондай-ақ Үкімет басшысы халықаралық көлік дәліздерін және порттардың инфрақұрылымын дамытуға назар аударды.

«Бүгінгі таңда Транскаспий халықаралық көлік бағыты – қарқынды дамып келе жатқан дәліздердің бірі. Ақтау мен Құрық порттарының инфрақұрылымын жаңғыртуды жеделдету қажет. Бекітілген жобалардың құрылысы мен жаңғырту жұмыстары осы жылдың соңына дейін аяқталуға тиіс», деп атап өтті Олжас Бектенов.

Олжас Бектенов: Әлеуметтік қамсыздандырудың әділетті жүйесін қалыптастыру қажет

Осылайша теміржол және автомобиль жолдарын салу мен қайта жаңғырту бағытындағы жұмыстар ел экономикасының дамуына жол ашып отыр.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар