Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24089 материал табылды

Саясат • 23 Қыркүйек, 2025

Ішкі саясаттың маңызды мәселелері талқыланды

Ақордада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалы­ғымен биылғы Жолдаудың қорытындысына арналған дәстүрлі кеңес өтті. Оған Үкімет мүшелері, Президент Әкім­шілігі құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері, облыс­тар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орын­­басарлары, өңірлік басқармалардың басшылары қатысты.

Саясат • 23 Қыркүйек, 2025

Мүмкіндігі мол стратегиялық серіктестік

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-тың Нью-Йорк қаласына жұмыс сапары аясында трансұлттық компаниялардың өкілдерімен екіжақты кездесулер ұйымдастырылып, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері кеңінен таныстырылды.

Президент • 23 Қыркүйек, 2025

Қазақстан – АҚШ: Экономикалық және инвестициялық ықпалдастықтың негізгі бағыттары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорктегі жұмыс сапары кезінде АҚШ-тың ірі бизнес өкілдерімен өткен дөңгелек үстел отырысына қатысып, сөз сөйледі.

Руханият • 23 Қыркүйек, 2025

Мөңке би және қырғыз ақындары

Қазақ пен қырғыз халқының мәдени, рухани, әдеби байланы­сының тамыры тереңде жатыр. Біз осы асыл арқауымызды жаңа заманмен байланыста салмақтай білуіміз қажет. Былтыр сәуірде Қырғыз Республикасы Президенті Садыр Жапаров бастаған делегация Астанада болып, қырғыз-қазақ зиялылар фору­мына қатысып, Манастың ескерткішін ашып, тарихи және бүгін­гі ынтымақтастығымызды жүйелі саралаған едік. Биыл тамыз айында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Бішкекке келіп, М.Әуезов пен Ш.Айтматов сынды даналардың ескерткішін ашу салтанатына қатысып, бауырластықты биік деңгейге көтерді. Бұйырса, осы күндері Манас елінде қазақ-қырғыз зиялыларының форумы өтпек. Біз бұған бек қуаныштымыз. «Манас» эпосында: «Ақ бөкеннің қылындай суырылысқан, ақ бидайдың ұнындай жұғысқан егіз ел» деп, қырғыз бен қазақты сипаттайды. Бүгін біз соның бір тарауы Орталық Азияға танымал Мөңке би жөнінде ой қозғамақпыз.

Білім • 23 Қыркүйек, 2025

Технократ ұрпақты математика пәні қалыптастырады

Елімізде «Цифрлы Қазақстан», «Индустрия 4.0», «Жасанды интеллект», «Ғарыштық деректермен жұмыс» деп аталған ауқымды жобалар жарияланды. Бірақ қарапайым сұраққа жауап беріп көрейікші: болашақтың қақпасын ашатын балалардың қолына берген оқулығымыз бен бағдарламамыз осы биік мақсатқа жеткізе ала ма?

Мирас • 23 Қыркүйек, 2025

Алаш қайраткері Хайретдин Болғанбай тәржімелеген зерттеу

ХХ ғасырдың бас ширегінде ұлт тұлғалары халқымыздың дамуы­­на сеп­тігі тиетін еңбектерді қазақ тіліне аударып, пай­да­лы ағар­ту­шылық-шығармашылық жұмыс та атқарды. Соның бір парасы – қазақ ауыл шаруасына қажетті зерттеу­­лер, тә­жіри­­белер.

Саясат • 23 Қыркүйек, 2025

Ынтымақтастық нығая түседі

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Германия Федера­тивтік Республикасының Экономика және энергетика министрі Катерина Райхемен онлайн кездесу өткізді.

Экология • 20 Қыркүйек, 2025

Қарағанды облысының жастары Қарқаралы ұлттық паркін тазалады

Дүниежүзілік тазалық күні аясында Қарағанды облысының жастары Қарқаралы ұлттық табиғи паркінде экологиялық сенбілік өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 20 Қыркүйек, 2025

Өскеменде полицейлерге арналған мурал ашылды

Шығыс Қазақстан облысының орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінің қабырғасын облыстық Полиция департаментінің бастамасымен және қала әкімдігінің қолдауымен жасалған арт-нысан ашылды, деп жазады Egemen.kz.

Сатира • 20 Қыркүйек, 2025

Қонбаған қасиет

Құрдасым Қилыбай тәуелсіздік таңында тірлігін тәуіптіктен бастап, бұл күндері ерекше қасиетінің арқасында атағы арыға кетіп аспандаған шағы.