
Сараптама • 14 Тамыз, 2024
Бүгінде еңбек нарығында күрделі трансформация жүріп жатыр. Өз кезегінде бұл қоғамның әлеуметтік құрылымында жаңа топтардың пайда болуына әсер етеді. Аталған өзгерістерді көбіне технологияның өркендеуімен және жаппай цифрландыру үдерісімен байланыстырамыз.
Мәселе • 14 Тамыз, 2024
Жайылымдарға жүйелі көзқарас керек
Республикадағы жайылым өнімділігі мен азық-түлік қауіпсіздігі көңіл көншітерлік деңгейде емес. Әсіресе, ең қолайсыз жағдай Маңғыстау өңірінде қалыптасқан. Қолданыстағы жайылым сапасының жыл өткен сайын төмендеуі, тозу деңгейінің артуы, ішінара қуаңшылыққа ұрынуы, шабындықтардың мардымсыз өнімділігі және басқа факторлар еліміздегі табиғи мүмкіндікті толық игеруге шектеу болып тұр.
Қазақстан • 14 Тамыз, 2024
Биыл Атырауда Қазақстан Президентінің қатысуымен «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өткені белгілі. Жиында Мемлекет басшысы көптеген маңызды тақырыптарды, соның ішінде суды үнемдеу мәдениетін енгізу мәселесін көтерді.
Пікір • 14 Тамыз, 2024
Мелиорацияның көкейкесті міндеттері
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда су мәселесін қозғап, бұл саланың Қазақстан үшін аса маңызды екенін атап өтті. Осы орайда елде су тапшылығы пайда болғанын, материалдық қана емес, рухани ысырапшылдыққа жол берілгенін сынады. Президент сөзінің жаны бар. Мәселеге тереңнен үңілсек, тиянағын таппай тұрған мысалдардың қарасы қалың екені аңғарылады.
Пікір • 13 Тамыз, 2024
Салдармен емес, себеппен күресу қағидаты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен Ұлттық құрылтайдың үш отырысы өтті. Әр басқосуда көтерілген өзекті мәселелермен қатар, қоғамның құндылықтарына айналуға тиіс ұғымдарға баса назар аударылды. Олар – адал азамат, адал адам, адал табыс. Бұл түсініктер Әділетті Қазақстан құру идеясымен ұштасады.
Тұлға • 12 Тамыз, 2024
«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген халық даналығы қандай өміршең. Академик Сыздық Рабиға Сәтіғалиқызының қазақ тіл білімін дамыту, өресін кеңейту, оның қолданбалы әрі теориялық құнын арттыру барысындағы еңбектері көптеген жаңалықққа толы. Әсіресе көрнекті ғалым қазақ тіл білімін дамытуға айрықша еңбек сіңірді. Ол тарихи-филологиялық тұрғыдан Абай тілін тұңғыш рет кең ауқымда зерттеп, орасан тың жаңалық ашты. Осы бағыттағы «Абай тілінің морфологиялық ерекшеліктері» «Абай шығармаларының тілі (лексикасы мен грамматикасы)», «Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы», «Язык произведений Абая», «Абайдың сөз өрнегі», «Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі» секілді бірегей еңбектері – сөзіміздің дәлелі.
Тарих • 10 Тамыз, 2024
Бүгінде қысы-жазы сатылатын қымыз қазақ баласына аса таңсық емес. Әрине, мәселе – сапасы мен дұрыс бапталуында. Кейінгі заманда шыққан «Биесі жоқ үйдің қымызы» деген мәтел бар. Бұл қолдан жасалған «бірдеңені» меңзейді. Яғни көзбояушылық һәм арсыздың ісі.
Тұлға • 10 Тамыз, 2024
Ол өзі көзге көп көрінбегенмен, өзгелер оны жақсы таныған тұлғалардың бірі болды. Ел ішінде оның есімін білмейтіндер кем де кем еді. Бұл, бәлкім, Дүйсетай Бекежановтың республиканы ұзақ жыл басқарып, елі мен жерін көркейтуге өлшеусіз үлес қосқан басшы, кемел ойдың иесі, ақыл-парасаты мен ғылым-білімі толық ұштасқан жан, кең көлемді мемлекет қайраткері Д.А.Қонаевқа ең жақын жүрген адам болғандығынан да солай шығар. Ал басқалар онымен қарым-қатынас орнатып, жақсы болуға тырысатын. Өйткені Дүйсетай арқылы Димекеңе апарар жолдың есігі ашылатын-ды.
Абай • 10 Тамыз, 2024
Ғибадат (Он екінші сөз) Иман ұғымы қазақ санасына ислам діні арқылы енгенмен, келе-келе ар, білімнің басты ұғымына айналған. Халқымыздың жақсы жанды иманжүзді дейтіні де содан. Мұсылмандық түсінікте иманды адам ғибадатсыз болмайды.
Руханият • 09 Тамыз, 2024
Ерен ойдың жүйрігі, поэзия падишасы, айтулы ғұлама Әлішер Науаи – қазақ поэзиясының шыңы Абай Құнанбайұлына ерекше әсер еткен тұлға.