Қоғам • 05 Ақпан, 2025

Кезек күту: келеңсіздік қалай шешіледі?

95 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қоғамдық орындардағы кезек мәселесі – тек уақытты жо­ғалту ғана емес, сонымен қатар адам психологиясына әсер ететін құбылыс. Көптеген өңірде азаматтар ауру­ханаға, мемлекеттік мекемеге, тіпті базар мен дүкенге барған кезде ұзақ уақыт кезек күтуге мәж­бүр болады. Әсіресе медициналық мекемелер мен мем­лекеттік қызмет көрсету орындарында кезек күту қалып­ты жағдайға айналған.

Кезек күту: келеңсіздік қалай шешіледі?

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Денсаулық сақтау ми­нистр­лігінің мәлі­ме­тіне сүйенсек, кейінгі жылдары елімізде жалпы ме­ди­ци­налық қызмет көрсету сапа­сы біршама артқан. Деген­мен үлкен қалалардағы емхана­лар­да емделушілердің көптігінен, қабылдау уа­қыты жиі бұзы­лып, ұзартылып оты­рады. Ем­ханалар ай сайын орта есеппен 2 000-ға жуық қа­был­дау жасайды. Бірақ кей дәрігерге қаралу үшін 2-3 апта күтуге тура келеді. Бұл әсі­­ресе шұғыл медициналық кө­мекке мұқтаж науқастарға қиын­­дық туғызады.

«Электронды үкімет» жүйесі енгізілгелі біршама уақыт өтсе де, Халыққа қызмет көрсету орта­лықтарында (ХҚКО) да кезек мәсе­лесі әлі де өзекті. ХҚКО-да күніне 10 000-нан астам адамға қызмет көр­­­сетіледі. Алайда қыз­мет көр­сету мер­зімінің созылып кетуі мен жұмыс уақытының шектеулі бо­луы көптеген тұрғын­ның орын­ды наразылығын тудырып жа­тады.

ХҚКО-да бір қызмет көрсе­туге орташа есеппен 15–20 минут уақыт кетеді. Көпшілік тұр­ғын­дар алдын ала онлайн брондау мүм­кіндігін пайда­лан­байды, бұл кезек мәселесін шешу мүмкіндігін қиын­­датады. Қыз­меткерлердің тап­­­шылығы, бюрократиялық рә­сім­­­­дер­дің күрделілігі ұзақ кезек кү­­туге мәжбүр етеді. Қоғамдық оры­н­­­дардағы кезек мәселесін ше­шу мақ­сатында бірнеше жаңа тех­­­но­­­ло­гия қолданылып ке­леді.

ІТ маманы, fullstack бағдар­ла­малаушы Әбдіхалық Алпамыс бұл жөнінде: «ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алдын ала орын брондауға болады. Жоба қыз­мет сапасын арттыруға, уақыт шы­ғындайтын кезекті жою­ға кө­мек­теседі. Сонымен қатар кө­лік жүр­гізу куәлігін алу үшін тап­­­­сы­рылатын емтиханға алдын ала онлайн брондауға мүм­­кін­дік бар. Электронды кезек жү­йе­­­лері де тиімділігін көр­се­тіп отыр. Мысалы, жүк тасы­мал­­­­дау­­ саласына енгізілген «Car­Go­Ruqsat» жүйесі өткізу бекет­те­­­рін­­дегі кептелістерді азайтып, кө­лік ағынын оңтайландыруға бағыт­талған. Алматы қаласында Citix компаниясы қалалық инфра­құрылым жөніндегі деректерді жинап, жолдардың жағдайын, жол белгілерін, басқа да инфра­құрылым элементтерін бақылап, қызмет­тердің тиімділігін артты­руға көмектесетін Shark құрыл­ғысын енгізіп жатыр», дейді.

Мобильді қосымшалар мен онлайн платформаларды қол­­да­нудың басты пайдасы: бірін­ші­­ден, уақытты үнемдейді, қыз­мет­­терді онлайн алу, алдын ала брондау арқылы адамдар уақы­тын­ тиімді пайдалана алады; екін­ші­ден, кезекті азайтады, қыз­мет көрсету орындарындағы жүк­темені төмендетеді; үшінші­ден, ақпаратты қолжетімді етеді, қыз­меттер туралы ақпаратты қала­ған уақытта, кез келген жерде алу мүмкіндігі артады.

Ә.Алпамыс келешекте кезек күту жүйесін оңтайландыра­­тын тың технология енгізуді ұсы­нады. «Жасанды интел­лект­­­ не­­гі­­зіндегі болжау жүйе­ле­­­­рі қыз­­мет көрсету орын­да­рын­­­­­дағы жүктемені алдын ала бол­жап, ресурстарды тиімді бөлуге мүмкіндік береді. Блок­чейн тех­­нологиясы кезекке тұру үде­­­рі­сінің ашықтығын арттырып, деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Интернет мәлі­меттері (IoT) сенсорлар арқылы нақты уақыт режімінде деректер жинап, кезек күту уақытын қыс­қартуға көмектеседі. Сонымен қатар ХҚКО мен салық органда­ры сияқты орындарда арнайы бейнематериалдар жасап, онлайн кезекке қалай тұру керектігін көрсету қажет. Бұл өз кезегінде халықтың уақытын үнемдейді, кезек мәсе­лесін шешуге көмектеседі».

Қоғамдық орындардағы кезек мәселесі әлеуметтік теңсіздікке де әкеп соғуы ықтимал. Кезекке тұру кезінде кейбір азаматтар «таныс-біліс» арқылы немесе ерек­­ше мәртебесі бар адам­дар­дың көмегімен кезектен аттап кетеді.Мысалы, ірі мегаполистерде бір­қатар қоғамдық орында, әсіресе медициналық ме­ке­ме­лерде, «кезекке тұрудың арнайы ережелері» бар екені жиі айтылады. Мұндай жағдай қоғамда келеңсіздік пен әділетсіздік сезі­мін өршітеді.

Қоғамдық орындардағы кезек мәселесін тиімді шешуде барлық та­раптардың ынтымақтастығы, сон­дай-ақ заманауи технологиялар мен жүйелер көптеп енгізілуі қа­жет. Ең бастысы, бұл мәселені ше­­шу барысында халықтың қа­жет­­ті­лік­тері мен әлеуметтік тең­сіз­дікті ес­­ке­­ретін әділетті жүйе қа­лып­тас­ты­­ру керек.

 

Аяулым БАЙЖАНОВА,

Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің студенті