Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3198 материал табылды

Теңге • 15 Қараша, 2024

Ұлттық валюта дизайны қанша рет өзгерді?

1993 жыл – Портреттер. Онда еліміздің ғылым, өнер, мәдениет, білім беру жүйесінің дамуына үлкен үлес қосқан тарихи тұлғалар бейнеленген. Алғашқы қағаз ақшаның бір ерекшелігі – номиналдың орналасуы еді. Сандар ақ фонда, купюралардың алдыңғы жағының сол жақ төменгі бұрышында, ортасында әрі оң жақ жоғарғы бұрышында басылып шықты.

Тұлға • 15 Қараша, 2024

Киелі мамандық иесі

Адамның жүріп өткен өмір соқпақтарынан оның бітім-болмысы, таным-парасаты айқындалады. Негізі жасынан жақсылыққа құштар жаңашылдық жанына жақын, кішіпейілдікті, қайырымдылықты бойтұмар етіп, еліне қызмет етуге талпынған жандар халық қалаулысына айналары сөзсіз. Осындай өмір жолы өзгелерге өнеге тұтуға лайық азаматтың бірі – еліміздің білім саласының өркендеуіне елеулі үлесін қосқан, білікті басшы, беделді ұстаз, Білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин медалінің иегері Әділхан Жүсіпов.

Тұлға • 15 Қараша, 2024

Жақсының аты

Қазақта адамның мінезі мен ниетінің қалай болмағын Абайдай айтқан адам бар болса да, сирек. Тұтас халық үшін қамыққан, бүтін ұлтқа ақыл тереңдігімен рухани көсем болған Абай адамға қайрат пен ақыл, әділет пен шапағат жарасатынын айтады. Осы қасиеттері түгел адам шынайы адам болмақ. Мұндағы айтпағымыз – бойында кісілік қасиеттері түгел, дәуірінің дарабозына һәм көптің құрметіне бөленіп, есімі мен еңбегі туған халқымен бірге жасасып келе жатқан ардақты қайраткер азамат Нұртас Дәндібайұлы Оңдасынов турасында.

Қоғам • 14 Қараша, 2024

Қор қаржыландыруымен 500-ден астам балаға инклюзивті білім беріледі

Жыл аяғына дейін елорда мектептерінде жаңа 5 инклюзия­ны қолдау кабинеті ашылады. Барлығы, бұған дейін іске қосылғандарды есептегенде, тиісті 10 кеңістікті Астанадағы мектепте оқитын ерекше балалардың 10 пайызы қолдана алмақ.

Отбасы • 14 Қараша, 2024

Отбасындағы ұрпақ сабақтастығы

Ұрпақ арасындағы қарым-қатынас – әлеуметтік дамудың маңызды шарты. Бұл құндылықтар сабақтастығы мен жас буынның табысты әлеуметтенуін қамтамасыз етеді. Жаһан­да­ну­дың әсері, мәдени контекстің, еліміздегі, әлемдегі әлеу­мет­тік-экономикалық, саяси жағдайлардың тез әрі елеулі өзгеруі ұрпақтар арасындағы қарым-қатынасты түрлі дең­гей­­де дамытады.

Пікір • 13 Қараша, 2024

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңартатын ірі жоба

Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың 29-конференциясы аясында Қазақстан Үкіметі мен Ислам даму банкі арасында Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстандағы су ресурстарын дамыту жобасын іске асыру үшін ұзақмерзімді қаржыландыру шартына қол қойылды.

Тұлға • 13 Қараша, 2024

Тұлғаға қатысты тарихи құжаттар

Рысқұловтың өмірі мен мемлекеттік қызметіне қатысты бізге беймәлім деректер мен құжаттар, архив материал­дары әлі де аз емес, себебі Тұрардың күні бүгінге дейін толық библио­гра­фиялық көрсеткіші жасалған жоқ, ал бұл істі жүйелі түрде қол­ға алатын кез де, уақыт та жетті. Сондай құжаттар Рыс­құ­ловтың қазақ жері аумағының қалыптасуына қатысты, оны іске асыруға байланысты көтерген мәселелері болса, екін­шісі – шығыс елдеріндегі кино өнерін дамытуға қатысты прак­ти­калық іс-шаралары мен жасаған шешімдері.

Зерде • 13 Қараша, 2024

Көшелі Көшкінов

Ол екі ғасырдың небір қатерлі өткелінен сүрінбей өткен, ойға алғанын орындап, мақсат жолында тайғақтамаған кісі. Бұл сөздерді сексеннен асып бақиға жол тартқан Көшкіновті жетік білген соң, тасқайнар қайсарлығы, сөзге тоқтап, айтқанын бұлжытпай орындайтыны сабақ болса екен деп айтып отырмыз. Сүлеймен Көшкінов кім еді дегізбес үшін, кешкен тірлігін, қара жұмыстан зорығып, қапыда жан тапсырған әкеден төрт жасында жетім қалып, әже мен шешенің, әкесінің ағасы Сейдахметтің қамқорлығында ширағанын алға тартпақпыз.

Өнер • 12 Қараша, 2024

Қойылымдар шеруі: қызық пен шыжық

Маңғыстау облысы әкім­дігінің қолдауымен және Н.Жантөрин атын­дағы музыкалық драма театрының ұйымдас­ты­руымен Әбіш Кекілбайұлының 85 жылдық мерейтойына арналған «Abish alemi» ІІІ халықаралық театр­ фестивалі өткені белгілі. Фестивальдың салтанатты ашылуы теңіз жаға­лауындағы амфитеатрда болды. Иран, Грузия, Қырғызстан, Татарстан және өз елімізден қатысқан театр ұжымдарының өнерін саралап көрдік.

Зерде • 12 Қараша, 2024

АБЫЗ

Аса көрнекті академик, қоғам қай­раткері, ұлт жанашыры Әбдуәли Туғанбайұлының өне­гелі өмірі мен ғылымдағы ғибра­ты туралы қан­ша­ма жазылс­а да, екінің бі­рі біле бермейтін, бірақ ұрпақ­та­ры білуге тиіс беймәлім қыр­ла­ры да аз емес екенін айта кеткен жөн.