Ғалам ғажаптары • Кеше

Жарық шашатын жануар

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Табиғатта өздігінен жарық шыға­ратын жануарлар бар екенін білесіз бе? Бұл ерекше құбылыс биолюминесценция деп аталады.

Жарық шашатын жануар

Кейбір тірі ағзалар өз денесінен жарық шығара алады. Бұл жарық жасанды емес, тірі ағзаның ішінде жүретін табиғи химиялық реакция нәтижесінде пайда болады. Яғни биолюминесценция – тірі организмдердің жарық шығару қабілеті. Бұл үдеріс көбіне арнайы ақуыздардың немесе ағзада өмір сүретін симбиотикалық бактериялардың көмегімен жүзеге асады. Қазіргі таңда ғылымда осындай қабілетке ие мыңдаған тіршілік иесі тіркелген. Олардың көпшілігі теңіз жануарлары.

 

Дайындаған –

Зере ӘЛІБЕКҚЫЗЫ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 3-курс студенті