
Пікір • 09 Қаңтар, 2025
«Ana tili» газетіндегі сұхбатында Мемлекет басшысы білім қуып немесе жұмыс іздеп шетелге шыққысы келетін жастар туралы пікірін айтты. Бұған жаһандану заңдылығы ретінде түсіністікпен қарайтынын жеткізді. Беделді университеттерде жақсы білім алып, тәжірибе жинап, оны ел игілігіне жұмсау маңызды.
Пікір • 09 Қаңтар, 2025
Мектептерде орын тапшылығы оңтайлы шешіледі
Мемлекет басшысы сұхбатында халықтың көкейінде жүрген көптеген сұрақтың жауабын берді. Атап айтар болсақ, ішкі, сыртқы саясат, Президент аппаратының, Үкіметтің, Парламенттің жұмысы, экономика, әлеуметтік сала, қоғамдағы орын алып жатқан жайттардың барлығын қамтыды.
Тағзым • 09 Қаңтар, 2025
Скрипкашы Әлім Алматтың тағдыр-талайы
Таяуда белгілі тарихшы-ғалым Күлпаш Ілиясованың Екінші дүниежүзілік соғыстың азабын көрген өнер тұлғасы, ғұмырының елеулі бөлігін амалсыз туған елден жырақта өткізіп, сүйегі де қиырда қалған Әлім Алмат яки Ғалымжан Әбсәламов (1917–2018) туралы «Тағдыр – тарих: скрипкашы Әлім Алматтың күнделікті өмірі» атты зерттеу еңбегі жарық көрді. Кітап Алматыдағы «Дарын» баспасынан шыққан.
Зерде • 07 Қаңтар, 2025
Рухани және ғылыми-техникалық күш бірлігінің маңызы
Алаш алыптарының бірі Мұстафа Шоқай тоғыз тілде жазылған мол шығармашылық мұрасымен қатар тәуелсіз ұлттық мемлекет туралы ой-идеясымен әлемге танылған еді. Өйткені Тәуелсіздік қайсар тұлғаның асқақ арманы да, асыл мұраты да болды.
Пікір • 07 Қаңтар, 2025
«Ana tili» газетіндегі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлемді сұхбатын отбасымызбен қызыға оқып шықтық.
Пікір • 05 Қаңтар, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылы 3 қаңтарда «Ana tili» газетіне берген: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» атты кең көлемді сұхбатында өткен жылды қортындылай отырып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың басым бағыттарын белгілеп бергеніне куә болдық.
Пікір • 05 Қаңтар, 2025
Қордаланған мәселелер пафоссыз шешімін тауып келеді
Президентіміздің жаңа жылды елдің бүгіні мен ертеңі туралы ой-толғамдарымен бастауы тағы бір саяси дәстүрімізге айналды. Мемлекет басшысы биыл да өзінің ауқымды сұхбатында өткен жылды қорытындылап, алдағы кезеңге нақты межелерді белгілеп берді. Ең бастысы, Президент сұхбатында ішкі және халықаралық күн тәртібі төңірегіндегі халықты толғандыратын ең өзекті мәселелерге нақты әрі толыққанды жауап берілді.
Тарих • 01 Қаңтар, 2025
41-жылғы батыр Бақтыораз Бейсекбаевтың түпкі дерегі қалай табылды?
Танымал журналист, қоғам қайраткері Мейрамбек Төлепберген күні кеше ғана редакцияның өтінішімен арнайы мақала жазып жіберген еді. Жаңажылдық нөмірге жоспарлап та қойғанбыз. Жалған дүние-ай, газеттің беті қатталар тұста қаламгердің бақиға озғаны туралы суық хабарды естіп, есеңгіреп қалған жайымыз бар. «Марқұмның рухы шат болсын!» дей отырып, талай жыл қызмет еткен «Егеменіне» жолдаған соңғы мақаласын оқырманға ұсынамыз.
Басылым • 01 Қаңтар, 2025
Басылымдар белесі – оқырман тойы
Биыл қазақ журналистика тарихындағы мерейтойлар жылы болғалы тұр. Есігімізді қағып тұрған ресми жаңа жылда қазақ руханиятында өзіндік орны бар бірнеше басылым мерейтойларын атап өтеді.
Қоғам • 01 Қаңтар, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жұмысшы мамандықтарының жылын жариялау туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Президент «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында: «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз. Бұл «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі», деп атап көрсетті.