Қоғам • Кеше

Академиялық басылымның бірінші томы талқыланды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты академиялық 7 томдықты дайындау жөніндегі редакция алқасының алғашқы отырысы өтті.

Академиялық басылымның бірінші томы талқыланды

Редакция алқасының алдында тұрған бас­ты міндет – көптомдықтың мәтін материалдарын, карталары мен иллюстрацияларын түпкілікті сараптау және бекіту, сондай-ақ оны беттеуге, баспаға дайындау.

Басқосуда басылымның көне дәуірге арналған бірінші томы қарастырылды.

Алқа мүшелері академиялық басы­лым­­ның бірінші томының жетек­шісі, Ә.Х.Марғұлан атындағы Архео­логия институтының бас директоры Ақан Оңғарұлының баяндамасын тыңдап, ұсынылған материалдың тұжы­рымдамасын, мазмұны мен құры­лымын талқылады. Жиында рецен­зентшілер Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы Жәкен Таймағамбетовтің, тарих ғылымдарының кандидаты, С.Торайғыров университетіне қарасты Ә.Х.Марғұлан атындағы Архео­ло­гиялық ғылыми-зерттеу орталы­ғының директоры Виктор Мерцтің, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этно­логия институтының аға ғылыми қызметкері Нұрсан Әлімбайдың сарап­шылық пікірлері тыңдалды. Сондай-ақ редакция алқасының басқа да мүшелерінің ой-пікірлері ортаға салынды.

Редакция алқасының келесі отырысы тамыз айында өтеді. Онда «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты академиялық басылымның екінші томы талқыланады.