
Енді өтініш беру кезінде талапкер жатақхана немесе тегін тамақтану қажет екенін бірден көрсетеді. Сондай-ақ әскери қызметін толық өтеген азамат санатын растайтын құжатты тіркей алады.
Биыл аталған жүйеге оқу орнын таңдау кезінде сүзгіден өткізетін тетік енгізілген. Мұнда талапкер таңдаған талаптарға сай колледждердің тізімін автоматты түрде қалыптастырады. Оқу тілі көрсетілгеннен кейін жүйеде тек сол тілдегі оқу орындары шығады. Сонымен қатар «Серпін» бағдарламасына қатысатын өңірлердегі ауыл мектептерінің түлектеріне жеке сүзгіден өткізетін тетік жасалған.
Айта кетейік, әр талапкер өтінішті бір рет қана бере алады. Бұл ретте төрт түрлі колледжге дейін төрт мамандық таңдау мүмкіндігі бар. Құжаттардың жалпы көлемі 5 мегабайттан аспауға тиіс.
Азат ЕСЕН