Шекарадан заңсыз зат алып өту үшін контрабандашылар әртүрлі қулықтарға барады.
Сонымен, ағымдағы жылдың 26 шілдесінде Өскемен шекара отрядына қарасты “Қызыл ауыл” заставасының шекара нарядымен Қазақстаннан Ресейге беттеген БТР-60 ауыр көлігінің қозғалысын аңғарып қалады. Мемлекеттік шекараға БТР-60 ауыр көлігі жақындағанда шекарашылар жүргізушіге көлікті тоқтатуды талап етеді. Бірақ БТР жүргізушісі бұл талапты орындамайды. Отан сақшылары заң бұзушының соңына түседі. Мемлекеттік шекара маңында көлікті тоқтату мақсатында шекара наряды ескерту оғын атқан. Бірақ, бұл әрекет те БТР-60 көлігінің жүргізушісін тоқтатқан жоқ. Шекарашылар көлікті тоқтату үшін БТР-60 доңғалақтарына оқ жаудырды.
Іс кесушілерден қашып құтылу мақсатында контрабандашылар БТР-60 ауыр көлігінен “Қызыл ауыл” шекара заставасы әскери кызметшілері мінген мәшине доңғалақтарының астына жүк лақтырады. Арам ойлы заң бұзушылардың бұл әрекеті шекарашыларға тосқауыл болмады.
Шекара нарядының білікті әрекеттерінің арқасында көлік тоқтатылды. Ресей Федерациясының үш азаматы құрықталды. Тексеріс барысында анықталғандай, БТР көлігі толығымен халық тұтынатын тауарларға лық тиелген екен.
Аталмыш дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Ольга Рыпакованың жүлдесі: Жеңіс тұғырына кімдер көтерілді?
Спорт • Бүгін, 15:32
Биыл тозығы жеткен 17 мың км электр желісі жаңартылады
Энергетика • Бүгін, 15:22
40 жыл құжатсыз жүрген жамбылдық тұрғын Қазақстан азаматтығын алды
Аймақтар • Бүгін, 15:15
Неге өнер бәріне бірдей әсер етпейді?
Өнер • Бүгін, 15:01
Ең ұзын сырмақ: Алматылық жоба Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін
Алматы • Бүгін, 14:55
ҰҚК Нұрлан Сабуровқа қатысты тексерісті бастады
Қоғам • Бүгін, 14:48
«Ордабасы» футбол клубы жеке меншікке сатылды
Футбол • Бүгін, 14:35
Ақтөбе облысында сегіз ауыл газға қосылады
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты
Аймақтар • Бүгін, 14:18
Орал қаласында жаңа мешіт ашылды
Аймақтар • Бүгін, 14:07
Азық-түлік шығыны қай өңірде ең жоғары?
Қоғам • Бүгін, 13:38
Мемлекет басшысы сумошы Ерсін Балтағұлды қабылдады
Президент • Бүгін, 13:13
Жамбыл облысының жұртшылығы Жаңа Конституциялық жобаға қолдау білдірді
Референдум • Бүгін, 13:03
2027 жылы Астанада «Тельман» газ жылу стансасы іске қосылады
Үкімет • Бүгін, 13:01
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59