Аймақтар • Бүгін, 14:18

Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданындағы Қаратал ауылы өңірдегі 35-ші «ішімдіксіз ауыл» болып жарияланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты

Қаратал ауылы аудандағы төртінші және облыстағы алкогольден толықтай бас тартқан 35-ші елді мекен атанды. Осы шешімге орай ауыл ақсақалдары скандинавиялық таяқтармен жүрген челлендж ұйымдастырып, оған жергілікті атқарушы органдар, полиция және прокуратура қызметкерлері қолдау көрсетті. Тұрғындар туған ауылдарының көшелерімен жүріп өтіп, саламатты өмір салтын ұстанатынын көрсетті және челленджді Мамлют ауданына жолдады.

Қызылордада алкоголь сатылмайтын ауылдар көбейді

ззз

Бұл ауыл ежелден шағын еді, қазір елу адамнан астам тұрғыны бар 19 ғана аула қалыпты. Соңғы қылмыстық іс мұнда 2023 жылы ғана тіркелген. Онда да ауыл тұрғындары емес, сырттан келген ұрылар қойларын ұрлаған. Соңғы бес жылда Қараталда алкогольге байланысты бірде-бір құқықбұзушылық тіркелмеген. Ауыл үлкен жолдың бойында, Есілдің жағасында орналасқан жайлы мекен.

Қосшы қаласының кәсіпкерлері алкоголь сатудан бас тартты

Соңғы жаңалықтар