Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан дерекке жүгінсек, көші-қон саласы қызметкерлеріне жүгінген Фатима Акопян 1993 жылдан бері Қазақстанда тұрады. Қазақстан азаматына тұрмысқа шыққан ол 7 баланы дүниеге әкелген. Әйтсе де ол 33 жыл бойы азаматтық ала алмаған.
Полицияға жүгінгеннен кейін қызметкерлер оның құқықтық мәртебесін тексеріп, Қырғызстаннан жеке басына қажетті құжаттарды сұратып, жинап, рәсімдеуге жәрдемдесті.
Қазақстан азаматтығын алуға арналған тестілеу ақпанда басталады
Сол сияқты дәл осындай мәселемен Гульназира Гайнетдинова да жүгінген. 1986 жылы Ресейден Қазақстанға көшіп келген азаматша 40 жыл бойы азаматтық алу барысында көп қиындықтарға тап болған. Полиция қызметкерлері Ресей мемлекетіне сұрау салып, азаматтығы бар-жоғын растай отырып, заң аясында жедел түрде құжаттарын рәсімдеп берді.
«Әр азаматтың құжат мәселесі заң тұрғысында қаралады. Біз әрдайым тиісті көмек көрсетуге тырысамыз», дейді Тараз қаласы ПБ көші-қон қызметі бөлімінің аға инспекторы Шолпан Аширбаева.
Атқарылған жұмыс нәтижесінде екі азамат та жеке куәліктерін рәсімдеп, барлық құжаттарын қолдарына алды.