“Фолиант” баспасының жаңа туындысында кестеленген
Тарих – таным мен тәлімді, мәдениет пен өнерді, дәстүр мен салт-сананы, шежіре мен жәдігерлерді, ең бастысы ұлт пен ұлттылықты бір арнаға ұштастырған, бір-бірінсіз құндылық феноменін құра алмайтын асыл қазына. Тарихтың елге артқан жауапкершілігін терең сезінген тарихшылар, өлкетанушылар мен жазушылар бүгінде елдің тарихын бүтіндеп жатқандарына “Менің Отаным – Қазақстан” атты сериямен шығып жатқан кітаптар толық айғақ бола алады.
Бұл серия аясында осыған дейін “Ұлытау”, “Ойыл”, “Ерейментау”, “Қазығұрт”, “Отырар” кітаптары оқырманға жол тартса, өлкетану тақырыбындағы тарихи танымдық кітаптардың қатары енді, міне, “Фолиант” баспасынан шыққан (авторы тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаев) “Баянауыл” кітабымен толықты. Жуырда ҚР Ұлттық академиялық кітапханада осы кітаптың таныстырылымы өтті.
Байланыс және ақпарат министрлігі мен Ұлттық кітапхананың қолдауымен өткізілген кітаптың тұсаукесеріне көрнекті ақын-жазушылар, мәдениет және өнер қайраткерлері, тарихшылар, көптеген зиялы қауым өкілдері қатысты.
Қай қырымен де ерекше, топырағы асыл, талай-талай таланттарды тудырған қасиетті өлкенің арғы-бергі тарихы, осынау өңірдің барша ерекшеліктері, ел мен ердің бай шежірелері нақты деректер мен көркемсуреттер арқылы жүйелі баяндалатын кітапта өмірі Баянауылмен өзектес тұлғалар жайлы материалдар тың деректермен ұштаса өріледі. Сонау тас ғасырындағы ескерткіштерден бастап, Баянауыл өңірінің таңғажайып табиғаты, жан-жануарлар әлемі, өсімдіктер дүниесі және бүгінгі әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани келбеті жайлы да нақты деректер бар.
Алғашқы таралымын 1000 данамен жарыққа шыққан бұл кітаптың тұсаукесер рәсімі барысында “Фолиант” баспасынан шыққан кітаптардың көрмесі ұйымдастырылғанын да айта кетсек дейміз.
Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.

Ольга Рыпакованың жүлдесі: Жеңіс тұғырына кімдер көтерілді?
Спорт • Бүгін, 15:32
Биыл тозығы жеткен 17 мың км электр желісі жаңартылады
Энергетика • Бүгін, 15:22
40 жыл құжатсыз жүрген жамбылдық тұрғын Қазақстан азаматтығын алды
Аймақтар • Бүгін, 15:15
Неге өнер бәріне бірдей әсер етпейді?
Өнер • Бүгін, 15:01
Ең ұзын сырмақ: Алматылық жоба Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін
Алматы • Бүгін, 14:55
ҰҚК Нұрлан Сабуровқа қатысты тексерісті бастады
Қоғам • Бүгін, 14:48
«Ордабасы» футбол клубы жеке меншікке сатылды
Футбол • Бүгін, 14:35
Ақтөбе облысында сегіз ауыл газға қосылады
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты
Аймақтар • Бүгін, 14:18
Орал қаласында жаңа мешіт ашылды
Аймақтар • Бүгін, 14:07
Азық-түлік шығыны қай өңірде ең жоғары?
Қоғам • Бүгін, 13:38
Мемлекет басшысы сумошы Ерсін Балтағұлды қабылдады
Президент • Бүгін, 13:13
Жамбыл облысының жұртшылығы Жаңа Конституциялық жобаға қолдау білдірді
Референдум • Бүгін, 13:03
2027 жылы Астанада «Тельман» газ жылу стансасы іске қосылады
Үкімет • Бүгін, 13:01
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59