Қазақ студенттері үшін табысты өтті
Жуырда Болгарияның София қаласында өткен “София-2010” ІІІ халықаралық фольклорлық фестиваліне еліміздің С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің “Фараб” ән-би театры қатысып қайтты. Алыс сапарға шығып, қазақтың атын асқақтатып қайтқан астаналық “Фараб” студиясының өнерпаздары өз өнерлерімен өзгелерді тәнтті етіп қайтқандарына біз де риза болдық.
Газет редакциясына бұл қуанышты хабар жете салысымен, сүйінші хабарды өз ауыздарынан естиік, “София-2010” халықаралық фестивалінің қалай өткендігін білейік, оған өнерпаздарымыз қандай дайындықпен барды екен деген қызығушылықпен “Фараб” ән-би театрының көркемдік жетекшісіне телефон соғып, мән-жайды толық білуге тырыстық.
Ән-би театрының көркемдік жетекшісі Мейіржан Әлиакбаровтың айтуына қарағанда, аталмыш халықаралық фольклорлық фестивальге Македония, Черногория, Сербия, Литва, Украина, Грекия, Грузия, Болгария, Үндістан мемлекеттерінен келген 500-ден астам адам қатысыпты. Әлемдік өнер саласында аз ғана уақыт ішінде ерекше танымалдылыққа ие болған, төрт күнге жалғасқан бұл фестивальдің барлық концерттік бағдарламалары София қаласының ең танымал делінетін ашық алаңдарында өткізілген көрінеді.
Осыдан бір жыл бұрын жоғарыда аталған агротехникалық уни-верситет Болгариядағы “Предтечи” қоғамдық бірлестігімен білім және ғылым саласында келісім-шартқа отырған болатын. Осы келісім- шарттың аясында Қазақстан “София-2010” халықаралық фольклор фестиваліне қатысуға арнайы шақырылыпты.
Қазақстандық делегацияны С.Сейфуллин атындағы агротехни-калық университеттің халықаралық және ынтымақтастық бөлімінің бастығы Сара Қытайбекова бастап барыпты. 12 адамнан тұратын “Фараб” ән-би театрының өнерпаздары төрт күн бойы “Жор-ғатай”, “Сары бидай”, “Бипыл” және т.б. қазақтың халық әндерін шырқап, Құрманғазының “Адай”, “Балбырауын”, Н.Тілендиевтің “Аққу”, “Әлқисса” күйлерін шарықтата орындап, би элементтерінен тұратын халқымыздың салт-дәстүрлері мен ұлттық ойындарынан сахналық көрініс сомдап шықса, ең соңында халық биі “Қара жорғаны” көпшіліктің назарына ұсынған екен.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің және ата-аналар тарапынан қаржылық қолдау көрген “Фараб” ән-би театры басқа мемлекеттерден барған өнерпаздарға қарағанда әлдеқайда көп ықылас пен құрметке бөленген көрінеді. Бұлай дейтініміз, фестивальдің соңында, ұйымдастырушылар ең пәрменді концерттік нөмірді Қазақ елінен келген өнерпаздарға қайта ұсыныпты. Яғни, фестивальдің жабылу салтанатында Қазақстаннан барған өнер иелері қайтадан ортаға шығып, “Қара жорға” биін билепті. Бір айта кететін жәйт, “Қара жорға” биін фестивальге қатысқан басқа мемлекеттердің өнерпаздары да, сол фестивальді ұйымдастырған жергілікті тұрғындар да бірге билеген көрінеді.
Сапар барысында қазақстандық өнерпаздар салалас Пловдив аграрлық университетінде болып, оқу орнының ұжымымен де етене танысып қайтыпты.
“Фараб” театрының көркемдік жетекшісінің сөзіне қарағанда, әр халық би өнерін өзге халыққа үйрету мен таныту мақсатында әр күн сайын қосымша шеберлік сабақтары өткізіліп тұрған болса, онда қазақ халқының “Қара жорға” ұлттық биін бәрі де ынтамен үйренген көрінеді. Басқа мемлекеттерден 40-50 шақты өнерпаздар барған фестивальге Қазақстаннан 12 адам ғана қатысыпты. Алайда өнер иелері саны жағынан аз болғаны-мен, шығармашылық сынға келгенде өзгелерден асып түспесе, кем түспегендері ақиқат. Қатысу-шылардың ерекше ықыласына бөленген елордалық “Фараб” ән-би театры 2010 жылдың аяғында осы Болгарияда өтетін эстрада әндерін орындаушылардың “Даскавери” халықаралық байқауына, 2011 жылы Болгарияның Варна қаласында өтетін халықаралық фольклорлық байқауға қатысуға шақырту алыпты.
“Жолға шықпас бұрын, Болгарияда да қазақ бауырларымыз тұратындығын естіген болатынбыз. Сөйтіп, қоржынымызға құрт, бауырсақ, жент секілді ұлттық тағамдарымызды салып алған болатынбыз. Софияға барғаннан кейін сол жердегі қандас бауырларымыз алдымыздан шығып, бізді құшақ жая қарсы алды. Әрине, жат жұртта жүрген өз бауырыңды көргенде еріксіз толқиды екенсің. Бізді көріп олар да марқайып қалды,” – деді өз сөзінде театрдың көркемдік жетекшісі Мейіржан Әлиакбаров.
Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.

Ольга Рыпакованың жүлдесі: Жеңіс тұғырына кімдер көтерілді?
Спорт • Бүгін, 15:32
Биыл тозығы жеткен 17 мың км электр желісі жаңартылады
Энергетика • Бүгін, 15:22
40 жыл құжатсыз жүрген жамбылдық тұрғын Қазақстан азаматтығын алды
Аймақтар • Бүгін, 15:15
Неге өнер бәріне бірдей әсер етпейді?
Өнер • Бүгін, 15:01
Ең ұзын сырмақ: Алматылық жоба Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін
Алматы • Бүгін, 14:55
ҰҚК Нұрлан Сабуровқа қатысты тексерісті бастады
Қоғам • Бүгін, 14:48
«Ордабасы» футбол клубы жеке меншікке сатылды
Футбол • Бүгін, 14:35
Ақтөбе облысында сегіз ауыл газға қосылады
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты
Аймақтар • Бүгін, 14:18
Орал қаласында жаңа мешіт ашылды
Аймақтар • Бүгін, 14:07
Азық-түлік шығыны қай өңірде ең жоғары?
Қоғам • Бүгін, 13:38
Мемлекет басшысы сумошы Ерсін Балтағұлды қабылдады
Президент • Бүгін, 13:13
Жамбыл облысының жұртшылығы Жаңа Конституциялық жобаға қолдау білдірді
Референдум • Бүгін, 13:03
2027 жылы Астанада «Тельман» газ жылу стансасы іске қосылады
Үкімет • Бүгін, 13:01
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59