30 Шілде, 2010

Еңбектері еленген күн

541 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Байланыс және ақпарат министрлігінде Көлік және байланыс қызметкерлері күніне орай министр Асқар Жұмағалиев аталмыш салада еңбегі сіңген 95 қызметкерге “Құрметті байланысшы” атағын салтанатты жағдайда табыс етті. Сондай-ақ, саланың бірқатар қызметкерлерін министрліктің Құрмет грамотасымен марапаттады. Жиында министр Асқар Жұ­ма­ғалиев сала қызметкерлерін ай­тулы мерекелерімен құттықтай келе, олардың жұмыстарының ма­ңызды екенін, еліміздің байланыс саласындағы күнделікті қызмет­тері­не қазақстандықтардың риза екендіктерін тілге тиек етті. Бүгінгі таңда радио, телефон және ин­тернетсіз өмір сүруді елестету қиын екенін ескерсек, отаны­мыз­дың түкпір-түкпірінде отырып, әлеммен ақпарат алмасуға ел тұр­ғындарының мүмкіндік алуы үшін жұмыс жасап жатқан осы сала қыз­меткерлерінің еңбектері ұшан-теңіз екенін көреміз, деген министрлік басшысы еліміздегі барлық ауыл-аймақтардың теле­фон­дан­ды­рылғандығы, желілік байланыс­тағы мәселе­лердің шешілгені сала қызмет­керлерінің қажырлы ең­бектерінің нәтижесі екенін баса айтты. Сондай-ақ, ол жыл соңына дейін спутниктік телевизияны іске қосудың жоспарланып отырға­нын, ауыл тұрғындарының 35 телеар­на­лардың, оның ішінде қазақстан­дық телеарналар да бар, хабар­ла­рын қарау мүмкіндігіне ие бола­тын­­дығын назардан тыс қалдырмады. Мереке күніне орай марапат­талған қызметкерлердің арасында “Қазақтелеком” АҚ, “Қазпошта” АҚ, “Транстелеком” АҚ, “Smart Unі­com” және “Нұрсәт” АҚ және өзге де байланыс саласындағы ком­паниялар өкілдері болды. Олардың ішінде “Құрметті бай­ла­нысшы” атағымен Н.Бочанов (“Қазақтелеком” АҚ), С.Жүнісов (“Қазпошта” АҚ), А.Мазунов (“Транстелеком” АҚ), Ж.Бектұр­ға­нов (“Қазтелерадио” АҚ) т.б. бар. Министрліктің Құрмет гра­мо­та­сымен Б.Асанбаева, В.Яре­шенко, Б.Оспанов және саланың басқа да қызметкерлері, жалпы саны 74 адам марапатталды. Со­ны­мен қатар, мерекелік сыйлық­тан сала ардагерлері де қалыс қал­ған жоқ. Жиын соңында байланыс саласының ардагерлері атынан сөз алған елімізге еңбегі сіңген бай­ланысшы Өтеген Әбілқасы­мов: “Бұл мейрам жарты ғасыр­дан астам ғұмырын осы салаға арнаған мен үшін өте ерекше күн болып саналады. Мен бұл күнді қашанда құрметпен қарсы ала­мын. Ота­нымыздың байланыс са­ласы нығая түсіп, байланыс қыз­меткерлері халықтың алғы­сына бөлене берсін”,  – деген тілегін жеткізді. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.