Ауа райы • Бүгін, 12:33

Қазақстанда 38 градусқа дейін күн ысиды

1 мин
оқу үшін

Қазақстан аумағында алдағы демалыс күндері күн райы құбылмалы болады. «Қазгидромет» синоптиктері маусымның 13-і мен 15-і аралығына арналған ресми болжамды жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда 38 градусқа дейін күн ысиды

Фото: istockphoto.com

Еліміздің басым бөлігіне атмосфералық фронтальды бөліністер әсер етіп, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Сондай-ақ алдағы күндері еліміздің бірнеше облысында жауын-шашын мөлшері нормадан асып, соңы дауылға ұласуы мүмкін.

13 және 15 маусымда Қостанай облысында, ал 15 маусым күні Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында жауын-шашын күтіледі.

Ал 15 маусымда елдің оңтүстік-батысында, сондай-ақ үш күн бойы солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде бұршақ жауып, жел күшейеді деп болжанған. 

Сонымен қатар синоптиктер бірнеше аймақта ауа температурасының күрт көтеріліп, өте ыстық болатынын болжап отыр. 

Үш күн бойы (13-15 маусым) Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында, 14 және 15 маусым күндері Қарағанды, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында, 15 маусымда Атырау облысында сынап бағанасы +35…+38 градусқа дейін жетеді.

Еске сала кетейік, «Қазгидромет» ұсынған болжамға сәйкес, маусым және тамыз айлары әдеттегіден ыстық болады. Қазақстан аумағында ауа температурасы климаттық нормадан 1-2 градусқа жоғары болуы мүмкін. Елдің оңтүстігінде кей күндері ауа температурасы +45 градусқа дейін көтеріледі.

Соңғы жаңалықтар