Заң • Бүгін, 13:27

Әл-Фарабидегі жол апаты: Сот отырысы кейінге шегерілді

1 мин
оқу үшін

Алматыда Әл-Фараби даңғылында болған жантүршігерлік жол-көлік оқиғасына қатысты сот отырысы кейінге қалдырылды. Бұған жәбірленуші тараптың іске жаңадан қосылған адвокатының өтініші себеп болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әл-Фарабидегі жол апаты: Сот отырысы кейінге шегерілді

12 маусым күні өткен кезекті сот отырысында марқұм Еламан Тілемісовтің отбасы атынан адвокат Гүлмира Бабажанова қатысты. Бұған дейін жәбірленуші тарап Черновтар әулетінің адвокаттық қызметінен бас тартқаны белгілі болған.

Жаңа қорғаушы соттан іс материалдарымен толық танысу үшін қосымша уақыт беруді сұрады. Өтінішке процеске қатысушылар қарсы болмағандықтан, сот келесі отырысты 15 маусымға белгіледі.

Әл-Фарабидегі жол апаты: Жалған куәлік бергендердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Айыпталушы Александр Пак Қылмыстық кодекстің 345-1-бабының 4-бөлігі бойынша жауапқа тартылып жатыр. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол мас күйінде көлік жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан екі немесе одан да көп адамның өліміне себеп болған.

Қайғылы жол апаты 21 наурызға қараған түні Әл-Фараби даңғылында болды. Оқиға салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі Еламан Тілемісов пен екі жолаушы қыз көз жұмды.

Әл-Фараби даңғылындағы апат: жәбірленуші тарап кінәліге кешірім берді

Тергеу мәліметінше, Александр Пак басқарған Zeekr маркалы көлік қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes-пен соқтығысқан. Сараптама қорытындысы бойынша, апат кезінде жүргізуші жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған.

Соңғы жаңалықтар