Аймақтар • Бүгін, 11:30

Таразда жасөспірім қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

1 мин
оқу үшін

Тараз қаласында кәмелетке толмаған қыздың қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Таразда жасөспірім қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға 9 маусымнан 10 маусымға қараған түні болған. Жасөспірім қыз отбасындағы жанжалдан кейін өлі табылған.

Жамбыл облысы полиция департаменті аталған факті бойынша тергеу басталғанын растады. Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ қайғылы оқиғаға себеп болуы мүмкін жағдайларды анықтап жатыр.

Тергеу мүддесіне байланысты іс бойынша өзге ақпарат жария етілмейді. Марқұмның жасы мен оқиғаның сипатын ескере отырып, ресми органдар әзірге қосымша түсініктеме беруден бас тартты.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Шиеліде каналдан мәйіті табылған қыздың өліміне күдікті ұсталғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар